24 ақпан 2025 жыл. Софрино, Мәскеу облысы. Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы «Софрино» өнер-өндірістік кәсіпорнында болды.
Митрополиттік округ Басшысын алып жүргендер: Алматы теологиялық семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангель (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің мәскеу Өкілдігіндегі ғибадатхананың кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко).
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын қарсы алғандар: «Софрино» бас директоры В.А. Левин, «Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорнының қасиетті Серафим Саров атындағы үй шіркеуінің басшысы протоиерей Вадим Поликопа және зауыт қызметкерлері.
Архипастор келгеннен соң қасындағылармен бірге Әулие Серафим шіркеуіне барып, қасиеттілерге тағзым етіп, ғибадатхананың тыныс-тіршілігі мен оның салыну тарихын айтып берген шіркеу басшысымен әңгімелесті.
Осыдан кейін В.А. Левин билеушіге кәсіпорынның қызметі және ірі шіркеулік жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берді. Иерарх зауыттың қызметкерлерімен әңгімелесіп, бәріне де Құдайдың батасын тіледі.
Қазақстанның Православиелік Шіркеуі мен «Софрино» көркемөнер-кәсіпорны арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы еңбегі үшін митрополит Александр Владимир Анатольевичке Митрополит округінің жоғары наградасы – «Еңбек Үшін» орденін табыстады. Зауытты архипастырь «Қазақстан Православиелік Шіркеуіне қосқан еңбегі үшін» орденімен марапаттады.
В.А. Левин митрополитке алғысын білдіріп, кездесуден естелік ретінде архиерейлік асатаяқ пен кадило сыйлады.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр