ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
06.03.2025, 21:00

Әулие Андрей Критскийдің ұлы тәубеге келі канонын оқу қасиетті Қырқыншы күн мейрамының бірінші жетілігінде аяқталды.

Әулие Андрей Критскийдің ұлы тәубеге келі  канонын оқу қасиетті Қырқыншы күн мейрамының бірінші жетілігінде аяқталды.

6 наурыз 2025 жылы – Ұлы посттың бірінші жетілігінің бейсенбісі; Құдай Анасының «Козелщанская» белгішесіне арналған мереке.

Таңертең Астана және Қазақстан митрополиті Александр митрополиттік резиденциясының  Иверско-Серафимовский үй шіркеуінде жарғылық қызметт кезінде дұға етті.

Кешке Жоғары Мәртебелі  Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Ұлы жоралғына өткізді.

Ғибадат етуде  Әулие Андрей Критскийдің ұлы тәубеге келу  канонының  қорытынды бөлімі оқылды.

Салтанатты шарада Митрополит округінің бөлім басшылары, Вознесенский соборының клириктері, Алматы епархия басқармасының қызметкерлері және приходтары дұға етті.

Кешкі жоралғының әндерін Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен Митрополиттік округ хоры және Е.Богуславец жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры одорындады. 

Канон оқылғаннан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандар алдында жылы лебізін білдірді.

Қазақстан митрополиттік округінің  «Semirechie»  YouTube арнасында Әулие Андрей Критскийдің канонын оқудың тікелей трансляциясы өтті.

Литургиялық ережелерге сәйкес Ұлы посттың бірінші аптасының дүйсенбіден бейсенбіге дейін бөлінәп оқылып жатқан Әулие Андрей Критскийдің конаны дәстүр бойынша Мысыр Мариясының деп аталатын қызмет кезінде Ұлы Оразаның 5-ші аптасының бейсенбісі - 2 сәуір күні кешке толығымен оқылатын болады.

«Адамға пост жайбарақаттықтан, өзімдікі дұрыс дегеннен,тіпті сенімі жоқтарға, кем дегенде өзінің күнәсін: «Мен өлтірген жоқпын, мен тонаған жоқпын және т.б.» деп мойындамайтындарға маңызды рухани мәселелерден арылуға көмектеседі. Бірақ, қасиетті Августин куәландыратындай: «Біз үшін кісі өлтіру, зинақорлық немесе басқа да осыған ұқсас жеке өлімге әкелетін күнәлар болмаса да, олардың жиынтығы өлімге әкеледі». Құдайдың алдында жаман сөз бен ашулану кісі өлтірумен теңестіріледі - Мәсіхтің өзі бұл туралы Таудағы уағызында ескертті: кәм жақынына: «ессіз» десе, отты тозаққа ұшырайды (Мф.5:22). Шанхайлық әулие  Иоанның сөзімен айтқанда: «Зұлымдықтың кішкентай шөптері Жаратқан Иенің алдында қылмыстың үлкен ағашы сияқты қарғысқа ұшырайды». Осы ақиқатты қабылдап, сезіну арқылы біз Құдайдың алдында шын тәубе етіп, жүрегімізден тәкаппарлықты алып тастап, түзеуге кірісеміз. Қасиетті Феодор Дамаскин былай деп үйретеді: «Саулықтың алғашқы белгісі - өзінің әрбір күнәларын мойындау». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді