ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
18.03.2025, 16:00

Ақтөбе епархиясының епархиялық кеңесінің отырысы өтті

Ақтөбе епархиясының епархиялық кеңесінің отырысы өтті

13 наурыз 2025 жыл. Ақтөбе. Епархия басқармасының ғимаратында Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийдің төрағалығымен епархия кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар: Ақтөбе шіркеу округі құрметті өкілінің м.а., Архистратиг Божия Михаил құрметіне арналған шіркеу басшысы иеромонах Киприан (Дахно), , апостолдарға тең дәрежелі кнәз Владимир, атындағы приход басшысы протоиерей Дмитрий Соловьев, Ақтөбе қаласындағы Никольский кафедралды соборының клиригі, епархия хатшысы диакон Борис Фатеев.

Отырыс жұмысының алдында  епископ Игнатий жиналыстың ережелері мен күн тәртібін жариялады.

Жұмыс кездесуі барысында Қазақстан жерінің бірінші иерархы архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуына арналған жексенбілік мектеп оқушылары арасында өтетін «Әуелде Сөз болды» атты шіркеу оқырмандарының байқауын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ кеңес мүшелері епархия аумағында жариялық әңгіме өткізу тәртібін талқылап, жексенбілік мектеп оқушыларының Батыс Қазақстандағы шіркеулердің ғибадат ету істеріне қатысу нұсқаларын қарастырды.

Жиналғандар епархия және приход деңгейіндегі шіркеу өмірінің өзекті мәселелерін талқылады.

Отырыстың соңында епископ Игнатий жиналғандарға алғысын айтып, барлығына архипасторлық батасын берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді