ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.03.2025, 16:45

Петропавл және Булаев епархиясы дінбасыларының епархиялық кездесуі өтті

Петропавл және Булаев епархиясы дінбасыларының епархиялық кездесуі өтті

21-22 наурыз 2025 жыл Петропавл. Вознесенский кафедроалды соборындағы рухани-әкімшілік орталықта Петропавл және Булаев епархиясының дінбасыларының епархиялық кездесуі өтті.

Отырысқа қатысушылардың арасында болғандар: шіркеулердің құрметті өкілдері, басшылары мен дінбасылары, монастырдағылар, епархия басқармасының қызметкерлері, приходтардағы әлеуметтік, ағартушылық және миссионерлік қызметіне жауаптылар.

Жиналыс жұмысын Петропавл және Булаев архиепископы Владимир ашып, биылғы жылы епархияда болған негізгі оқиғалар туралы баяндама жасады. Билеуші сонымен қатар діни басқармалар мен епархия бөлімдерінің жұмысына өз тілегін білдірді.

Одан кейін баяндамалар жасағандар: епархия бөлімінің түрмелік қызмет ету жөніндегі басшысы иеромонах Серафим (Максимов), епархияның бас есепшісі С.П.Иванова, епархия діни білім беру және катехизация бөлімінің басшысы И.С. Уланов.

Отырыс барысында келесі баяндамалар жасалды:

  • «IV-V ғасырлардағы тақуалардың рақымға ие болу туралы ілімі және оны біздің күндеріміздегі түсіндірілуі» - епархия бөлімінің түрмелік қызмет ету жөніндегі басшысы иеромонах Серафим (Максимов);
  • «Сенің өмірің сенің атыңа сай болады», шомылдыру рәсімінен өткенде ат қою тәжірибесінде христиандық емес есімдерді қолдану». — Бірінші жалпы білім беретін лицейдің әдебиет мұғалімі Е.В. Моргунова;
  • «Ежелгі шіркеу мәтіндерін түсіндіру - Иеміздің мерекелеріне арналған паремиялар» - Архангельское ауылындағы Архангел Михаил шіркеуінің басшысы иерей Роман Пудов;
  • «С.Дегтяревтің рухани әндері» - Петропавл епархиясының архиерейлік хорының регенті А.А.Затай;
  • «Жеңісті 1945 жыл, Жеңіс қалай жақындады» - ЕОРОиК әдіскері С.В. Цветкова.

Жиналыс  соңында архипастор жұмыстың қорытындысын шығарып, епархияның дінбасылары мен қарапайымдыларына Солтүстік Қазақстан православие шіркеуінің игілігі үшін атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Отырыс Петропавл және Булаев епархиясының діндары иерей Александр Дениченко орындаған жалпы тәубе етумен аяқталды.

22 наурызда Себасттың 40 шейітті еске алу күнінде епархия жиналысына қатысушылар архиепископ Владимир басқарған Вознесенский кафедралды соборындағы Литургия кезінде дұға етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді