ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
06.04.2025, 22:00

Қасиетті Құдай Анасының ізгі Хабарландыру мейрамы қарсаңында Митрополиттік округ басшысы Алматыдағы Вознесенский соборында түні бойына сергектік өткізді

Қасиетті Құдай Анасының ізгі Хабарландыру мейрамы қарсаңында Митрополиттік округ басшысы Алматыдағы Вознесенский соборында түні бойына сергектік өткізді

6 сәуір 2025 жылы, Қасиетті Құдай Ананың ізгі  Хабарландыру мейрамы қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский соборында түні бойы сергектік өткізді.

Хабарландыру мерекесінің қызметі - стихира, тропарион, ирмос –Архангел Гавриилдің Мәрия Бикешке оның Құдайды тууы туралы игі хабарды жеткізгені туралы евангелиялық ілімнің ұзақ және терең түсіндірмесі.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов); Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Алматы теологиялық семинариясы ректорының м.а., Митрополит округі ақпарат және баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; собордың діни қауымы.

Қызмет кезінде дұға еткендер: жаңадан тағайындалған Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Оңтүстік астананың бас шіркеуінің приходтары.

Ұлы кешкі жоралғыда шіркеу Жарғысына сәйкес, нан, шарап, бидай және майды (зәйтүн) қасиетті ете отырып литий (күшейтілген дұға) орындалды.

Таң сәріде полиелейді айту кезінде бүкіл Ресей Патриархы Әулие Тихонның тынығуының 100 жылдығын Православие Шіркеуі осы жылы дұға етіп атап өтетін жәдігерлерінің бір бөлігі бар кеме құрбандық үстелінен собордың ортасына әкелінді.

Содан кейін мерекеге арнайы ұлықтау орындалды: «Архангелдің Таза дауысы Саған арналады: Қуан, уа, Мейірімді, Жаратқан Ие сенімен бірге».

Інжіл тұжырымдамасын оқығаннан соң, митрополит Александр приходшыларға «құтқару басшысы» - адамзат баласын күнәдан, қарғыс пен өлімнен құтқарудың бастауы болған ізгі Хабарландыру мерекесінің мәні туралы архипасторлық уағызын айтты.

Канонды оқу кезінде сенушілер қасиетті маймен майланды.

VIII ғасырда Никйскя митрополиті әулие Феофан құрастырған мерекенің каноны архангелдік Мәңгі Бикешке сәлемдесуін және оның Ізгі хабарға жауабын түсіндіруге арналған; ол Құдай Анасы мен архангел Гавриил арасындағы диалог түрінде құрастырылған және «Періште шырқады» - «Құдай Ана сөйледі» деген арнайы қайрмасы бар.

7 сәуірде Құдай Анасының ізгі Хабарландыру мерекесінде митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны жүргізеді. Басталуы сағат 9:00-де.

Қызметтің соңында ежелгі әдет-ғұрып бойынша архипастор мен сенушілер көгершіндерді аспанға ұшыратын болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді