Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында әулие Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Көкшетау мен Ақмоланың жаңадан тағайындалған архиепископы Вароанофий; Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов); Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; дене шынықтыру және спорт жөніндегі Патриархалдық комиссияның мүшесі, игумен Филипп (Моисеев); Алматы теологиялық семинариясы ректорының м.а., Митрополит округі ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Протоиерей Александр Иевлев, митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров, иеромонах Херубим (Левин); протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко.
Ғибадат ету кезінде Оңтүстік астананың бас шіркеуіндегі сенушілердің дұға етіп, рухани нығаюы үшін Бүкіл Ресей Патриархы қасиетті әулие Тихонның тынығуының осы жылы 100 жыл толуын мінажатпен Православие Шіркеуі атап өтетін оның жәдігерлерінің бөлшектері бар кеме әкелінді. Кемеде сондай-ақ дінді мойындаушының қасиеттісі - патриархалды күмбездің бір бөлігі, ол жерленген табыттың бір бөлігі және әулие Америкада архимандрит болған кезде киген кеуде кресті салынған.
Қызмет барысында дұға еткендер: «Елеос» қоғамдық қорының басшысы В.М. Капсамун; Алматы епархиясы басқармасының қызметкерлері, епархия ктиторлары, казактар, Оңтүстік астананың бас шіркеуінің жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері, «Светлица» жастар білім беру жобасының студенттері және собордың приходтары.
Әндерді Митрополит округінің хоры (регенті - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайртакері О.Н. Овчинников, хормейстері - В. Дударева), Вознеский соборының хоры (регенті - Е. Богуславец) және Н.Говина жетекшілігімен «Цевница» православиелік ән мектебінің тәрбиеленушілері орындады.
Апостол Павелдің Еврейлерге жазған хатынан апостолдық оқуы болды (2-тарау, 11-18-ші тармақтар), Құдай Ұлы бүкіл адамзатты құтқару үшін шынайы адамға айналуы – Құдайдың адам кейіпіне ену идеясын ашты.
Мерекелік Литургияның Евангелиялық басталуы Хабарландыру оқиғалары (Лұқа Інжілінің 1 тарауы, 24-тен 38-ге дейінгі аяттар) - архангел Гавриилдің Әулие Мәриям Бикешке келуі және оған Құдай кейіпінің өзгеруі құпиялары және Одан әлемнің Құтқарушысы, Мәсіхтің туылуы туралы хабарлау.
Евхаристикалық канонға сәйкес, «Лайықты бар» әнінің орнына мерекенің әні – таң сәрінің канонының 9-шы ирмосы шырқалды. Орыс тіліне аударылған Хабарландыруға лайық: «Жақсы хабарды жеткіз, уа, жер, ұлы қуаныш; мадақтаңдар, уа, аспан, Құдайдың ұлылығын. Құдайдың жаны бар Кемесіне ниеті жоқтың қолы тиіп кетпесін, бірақ адалдардың ерні, тоқтаусыз, Періштенің айқайын айтып, Құдайдың Анасы қуанышпен айқайласын: «Шынымен Сен бәрінен де жоғарысың, уа, таза Құдай Ана!»
Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін мерекені және бүкіл Ресей Патриархы әулиесі Тихонды ұлықтау өтті.
Қызмет аяқталғаннан кейін ежелгі Хабрландырудың дәстүрінее сәйкес, митрополит билеушісі, иерархтар, діни қызметкерлер, приходтар және жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері собордың кіреберісінде құстарды - ақ көгершіндерді ұшырды.
«Елеос» қоғамдық қорының (жетекшісі В.М. Капсамун) қолдауымен YouTube-тің «Прообраз» арнасында мерекелік қызметтің тікелей трансляциясы өтті.
Литургияны тікелей эфирде жүргізген Қазақстан Митрополиті округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры - еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, операторы А. Шмидт) жүргізді; фотосуретке түсірген А.Халин.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр