7 сәуір 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың жаңадан тағайындалған Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофиймен жұмыс кездесуі өтті.
Митрополит Александр билеуші Варсонофийді жаңа қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, Ақмола облысының Құдай қамқорлығындағы қауымға қызмет етуде Құдайдан көмек тіледі.
Жаңадан тағайындалған иерарх Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына тілегі үшін алғысын айтып, құтты Қазақстан жеріндегі архипастырлық қызметінде Құдайдан қуат пен рақымды көмек беруін дұға етіп сұрады.
2025 жылдың 28 қаңтары мен 20 наурызы аралығында Көкшетау және Ақмола епархиясын уақытша басқарған митрополит Александр Көкшетау кафедрасын басқаруды өз қолына алып жатқан архиепископ Варсонофийге Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысында қарастырылған епархиялық әкімшілік-канондық және заңдық қажетті құжаттар пакетін тапсырды.
Кездесу тақырыптарының бірі митрополит Александрдың Көкшетау епархиясына алдағы сапарының бағдарламасын талқылау болды, оның барысында архиепископ Варсонофий жаңа билеуші архипастор ретінде діни қызметкерлерге, қауымға және мемлекеттік өкімет өкілдеріне таныстырылатын болады.
20 наурыз 2025 жылы Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синоды Новоазовск архиепископы Варсонофийді (Винниченко) Көкшетау мен Ақмоланың Қасиетті Тақсыры етіп тағайындады (№7 журнал).
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр