ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
09.04.2025, 17:30

Митрополиттік округ Басшысының Көкшетау епархиясының дін қауымымен кездесуі өтті

Митрополиттік округ Басшысының Көкшетау епархиясының дін қауымымен кездесуі өтті

9 сәуір 2025 жыл. Көкшетау. Мәсіхтің Воскресения кафедралды соборы жанындағы рухани-ағарту орталығының ғимаратында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Көкшетау епархиясының епархиялық жиналысы өтті.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Көкшетау және Ақмола епархиясының жаңа басшысы - Жоғары Мәртебелі архиепископ Варсонофийді епархия бөлімдері мен комиссияларының басшылары мен қызметкерлеріне, шіркеу округтерінің құрметті өкілдеріне, дін қауымы мен приход активінің өкілдеріне таныстырды.

Кездесуге қатысқандар: Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Щучинск қаласындағы Михаило-Архангельский 

шіркеуінің басшысы архимандрит Николай (Карпов); Көкшетау қаласындағы Михаило-Архангельский шіркеуінің клиригі протоиерей Василий Качанкин; Астанадағы Успенский кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек); епархия басқармасының хатшысы, Көкшетау қаласындағы Воскресенский кафедралды соборының құрметті өкілі иерей Валерий Анферов; Көкшетау епархиясының шіркеулерінің діни қауымы.

Кездесуді аша отырып, митрополит Александр Ақмола өңіріндегі шіркеу саласында 10 жылдан астам қызмет еткен мәңгі есте қалатын архиепископ Серапионның еңбегін ризашылықпен еске алды.

Жиналыс барысында епархиялық және приходтық деңгейдегі шіркеу өмірінің өзекті мәселелері талқыланды. Митрополиттік округ басшысы жастар арасында рухани тәрбие беруді жандандырып, интернет-кеңістігінде Православие Шіркеуінің қатысуын кеңейту қажеттігін баса айтты.

Кездесуге қатысушылар әлеуметтік- қайырымдылық қызмет, мемлекеттік билік органдармен өзара іс-қимыл, қуғын-сүргін жылдарында қираған шіркеу қасиеттілерін жаңғырту және қалпына келтіру тақырыптарын талқылады.

Кездесудің басқа тақырыбы Көкшетау епархиясы шіркеулерінің Қасиетті Пасханы мерекелеуге дайындығы жайлы болды.

Жиналыс соңында Митрополиттік округ Басшысы дін қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Билеуші митрополит архиепископ Варсонофийге және дін қызметкерлеріне Ақмола облысының Қүдайдың қарауындағы қауымын қамқорлауда Иемізден көмек тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді