2025 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский монастырының ең қарт тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері схимонахиня Иринаның (Любицкая) туғанына 100 жыл толады.
Православие Шіркеуінің игілігі үшін оның сіңірген еңбегі мен қызметін мойындай отырып, туғанына 100 жыл толуына және Жеңістің 80 жылдығына байланысты Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл ақ жаулықты Иринаға Орыс Православие Шіркеуінің әйелдерге арналған ең жоғары наградасы –апостолдарға тең дәрежелі ханшайым Ольганың 1-дәрежелі орденімен марапаттады.
Схимонахиня Ирина 1925 жылы 18 сәуірде Орынбор облысы, Беседено ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ алдағы Жеңіс үшін тылда еңбек етті. 1942-1945 жылдар аралығында Тәжікстанда шайқаста жараланған жауынгерлерді орналастыру үшін ашылған эвакуациялау госпитальдардарында жұмыс істеді, ал кешкісін медициналық колледжде фельдшерлік бөлімде оқыды. Отан игілігі жолындағы соғыстың сұрапыл жылдарында жанқиярлық еңбегі үшін «Тыл еңбеккері» атағы берілді. 1947-1981 жылдары Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету бөлімінде фельдшер болып жұмыс істеді.
1948 жылы, билеуші Николай (Могилевский) Алматыдағы архипасторлық кафедраға тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Алматы қаласындағы Әулие Николай соборының сол жақ хорында әнші болып жұмыс істей бастады. 1952 жылы 23 тамызда митрополит Николайдың батасын алып, ХХ ғасырдың ортасындағы көрнекті шіркеу қайраткері, архимандрит Исаакий (Виноградов) оны тонсура рәсімінен өткізеді. 1981 жылға дейін монахиня Ирина ауруханадағы жұмыспен бірге Алматы епархиясының басқармасында әртүрлі мойынсұнушылықтарды жүзеге асырды; ұзақ жылдар (60 жылдан астам) бойы хор әншісі болып жұмыс істеді.
Қазақстанның Оңтүстік астанасындағы Иверский-Серафимовский монастырының қайта жандануымен ол 2009 жылы оның тұрғыны болды. 2011 жылдың 12 сәуірінде ол ұлы схиманы қабылдады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр