Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийлері Оңтүстік астананың шіркеулерінде Иеміздің Иерусалимге кіру мерекесін, Верба апталығының ғибадатын өткізді.
13 сәуірде Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий Алматы қаласындағы Никольский соборында Әулие Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный; Алматы теологиялық семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; иеродиакон Афанасий (Козел); диакон Иоанн Чуркин.
Литургиялық әндерді О.Соломонованың жетекшілігімен Никольский соборының хоры орындады.
Литургия мерекені ұлықтаумен аяқталды: хор мен діни қауымы Иеміздің Иерусалимге Кіруінің тропарь және кондак жырын шырқады. Содан кейін талдың бұтақтарын қасиетті ету рәсімі жасалды.
Ғибадат ету соңында епископ Геннадий діни қызметкерлер мен приходшыларға ортақ дұғалары үшін алғысын білдіріп, жиналғандарға ғибратты сөздерін айтты.
Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан Алматы қаласының Алатау ықшамауданындағы Талдықорған викариатының өкілдігі – Ең Қасиетті Құдай Анасының ізгі Хабарландыру құрметіне арналған шіркеуінде Литургияны өткізді.
Архипасторға қызмет еткендер: игумен Гавриил (Тутберидзе); протоиерей Владимир Глухих; иерей Николай Матлашов; иеродиакон Вениамин (Вдовин); диакон Рустик Якупов.
А.Аверьянованың жетекшілігімен ізгі Хабарландыру шіркеуінің хоры ән шырқады.
Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Алатау ықшамауданының православиелік тұрғындары және жақын маңдағы ауылдардың сенушілері.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды диакон Рустик Якупов оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесін ұлықтау өтті. Иерарх талдарды қасиетті ету үшін дұғасын оқып, талдың бұтақтарына қасиетті судан септі.
Жиын соңында билеуші Клавдиан құлшылық етушілерді мерекелерімен құттықтап, уағызын айтты.
Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин Алматы қаласы Қарасу ықшамауданындағы Иеміздің Крестінің Көтерілу шіркеуінде Литургияны өткізді.
Иерархқа қызмет еткендер: Крестовоздвиженский шіркеуінің кілтшісі иерей Роман Бурдуков; Крестовоздвиженский шіркеуінің клириктері иеромонах Владимир (Мищенко); иеромонах Левкий (Ершов); иерей Евгений Постригань; диакон Павел Корниенко.
Литургия әндерін Н.Бурдукованың жетекшілігімен Оңтүстік астанадағы Крестовоздвиженский шіркеуінің хоры орындады.
Жоғары Мәртебелі сүйіспеншілікті арттыру және барлық өшпенділік пен зұлымдықты жою үшін дұға етті.
Литургия мерекені ұлықтаумен аяқталды: хор мен діни қауымы Иеміздің Иерусалимге Кіруінің тропарь және кондак жырларын шырқады. Содан кейін талдың бұтақтарын қасиетті ету рәсімі жасалды.
Билеуші Вениамин келгендерді мерекемен құттықтап, әрбір православиелік христиан үшін мерекенің рухани маңызы туралы уағызын айтты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр