ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
20.04.2025, 22:00

Жаратқан Иенің Қайта тірілу мерекесінде Митрополиттік округтің Басшысы Алматының бас шіркеуінде мерекелік ұлы кешкі жоралғысын өткізді

Жаратқан Иенің Қайта тірілу мерекесінде Митрополиттік  округтің  Басшысы Алматының бас шіркеуінде мерекелік ұлы кешкі жоралғысын өткізді

20 сәуір 2025 жылы, кешке, Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілу мерекесінде Астана мен Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Ұлы Пасха мерекесінің кешкі жоралғысын өткізді.

Қазақстан православие шіркеуінің басшысына қызмет еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий және Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы приходтарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров, Скорбященский  шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов);

Митрополит округінің қасиетті дәрежелер мен Оңтүстік астана шіркеулерінің діни қауымы бөлім басшылары. Әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен Қазақстан Митрополитінің хоры,  Е.Богуславец жетекшілігімен Вознеский соборының хоры және Н.Головина жетекшілік ететін «Цевница» православиелік-ән мектебінің тәрбиеленушілері орындады.

Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастырдегі апа-сіңілдермен бірге; Алматы епархиясының басқарма қызметкерлері, епархияның қайырымдылары.

Мереке қонақтары болғандар: Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М.Кәкімов.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлы мерекенің кешкі жоралғысы басында Астана-Алматы епархияларының діни қызметкерлері мен сенушілері делегациясымен Алматы соборына Иеміздің Қасиетті Қабір шіркеуінен Қасиетті От әкелінді.

Митрополиттік округ Басшысы Қасиетті  Отты киелі Иерусалим қаласынан Қазақстанға әкелуді ұйымдастырған қайырымды жандарға жылы лебізін білдірді.

Мінберге көтерілген билеуші митрополит бірінші болып қасиеттінің шырақтарын жағып, онымен сенушілерге батасын берді. Осы алаудан бүкіл собордың шамдары жанып, алматылықтарды Иерусалимдегі Христостың Қайта тірілу шіркеуімен рухани байланыстырды.

Құдайлық қызметтің  Жарғысына сәйкес кешкі жоралғы кезінде ұлы прокимен орындалды.

Митрополит Александр патшалық қақпа алдында халыққа қарап, Тірілген Құтқарушының алғашы келуі туралы Өзінің шәкірттеріне апостол Фом келмей қалған күні баяндаған Иоанның Інжілінің басын оқыды.

Кешкі жоралғы соңында епископ Геннадий Митрополит округінің архипастырлары, дінбасылары, монастырдегілері мен діндарлары атынан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілу мерекесімен құттықтады.

Алматы қаласының атқарушы билігі атынан митрополит билеушісі мен сенушілерін Қасиетті Пасха мерекесімен Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М. Кәкімов құттықтады.  Ерболат Асқарбекұлы Досаевтың құттықтау сөзін Нұрлан Медсантұлы оқып берді.

Сенушілерді кафедралды  собордың жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері Пасха әндерін шырқау арқылы құттықтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді