26 сәуір 2025 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қарағандылық құрметті Севастианның жәдігерлерінің ашылуына арналған мерекелік шараға Қарағандыға келді (мереке 19 сәуірден кейінге шегерілген).
Иерархты Қарағанды епархиясының басшысы Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан, Қарағанды епархиясының хатшысы, протоиерей Дмитрий Патрикеев және Қарағанды епархиясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы иеромонах Моисей (Патрикеев) қарсы алды.
Митрополит билеушісін алып жүргендер: Астана епархиясының викарийлері– Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; протодиакон Александр Мокий; диакон Иоанн Чуркин; диакон Рустик Якупов.
Мерекенің құрметті қонағы - Салаватск және Кумертау епископы Николай (Башқұртстан митрополиясы).
Еліміздің «Кеншілер астанасындағы» мерекелік шараларға Қазақстанның Православие Шіркеуінің архипастырлары жиналды.
Введенский кафедралды соборында құрметті ақсақалдың жәдігерлері бар қабір басында митрополит Александр иерархтармен және дінбасылармен бірге пасхалық даңқтауды өткізіп, әулиені мадақтау әнін айтты.
Кешке кафедралды соборда түні бойы сергектік өтті.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр