6 мамыр 2025 жыл – Құдай Ананың Иверская белгішесінің құрметіне арналған мереке, ұлы шейіт Георгий Победоносецті, шейіт патшайым Александраны, шейіт Анатолий мен Протолеонды, Карлагта шейіт болған діни қызметкер қасиетті шейіт Иоанн Ансеровты еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты орналасқан Алматы қаласы – Алатау ықшамауданындағы Ең Қасиетті Құдай Ананың Благовещение шіркеуінде пасхалық рәсімімен Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматы шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Бәйтерек ауылындағы Алексеевский шаркеуінің басшысы протоиерей Анатолий Бойко; Іле шіркеуі округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Бәйтерек ауылындағы Алексеевский шіркеуінің клиригі иеромонах Алексий (Самосенков); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иеерй Георгий Сидоров; Саймасай (Александровка) ауылындағы Александр Невский шіркеуінің басшысы иерей Роман Клюев; иерей Николай Матлашов; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Рустик Якупов; диакон Георгий Ткаченко.
Е.Скорованың жетекшілігімен Алматыдағы Құтқарушы Мәсіх соборының хоры ән шырқады.
Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Алатау ықшамауданының православиелік тұрғындары және жақын маңдағы ауылдардың діндарлары.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Георгий Рублинский айтты.
Литургия Қасиетті Пасха мерекесін және Ұлы шейіт Георгий Победоносецті дәріптеумен аяқталды, содан кейін архипастор «Мәсіх тірілді!» деп әртүрлі - ежелгі және заманауи тілдерде дауыс етті.
Қызмет соңында Митрополит округінің Басшысы епископ Клавдианды архипасторлық тағайындалуының мерейтойымен құттықтады. Митрополит билеушісі иерархқа естелік панагия сыйлап, оған денсаулық пен Қазақстан жеріндегі қасиетті қызметінде Құдайдан рақым тіледі.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы иерей Георгий Сидоровты, иерей Георгий Рублинскийді және диакон Георгий Ткаченконы көктегі қоғаушылар күнімен құттықтады. Жоғары Мәртебелі дін қызметкерлеріне зор денсаулық және Мәсіх шіркеуінің игілігі жолындағы жұмысында Құдайдың рақымын тіледі.
Дін қауымы және сенушілерін Пасха мерекесімен құттықтаудан кейін билеуші митрополит уағызын айтты.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Қасиетті Синод отырысына қатысуда
ТолығырақҚостанай епархиясында Патшалық шейіттерді еске алуға арналған түнгі Литургия мен крестті шеру өтті
ТолығырақӨскемен епархиясында Рудный Алтайдың басты қасиеттісі – Құдай Анасының Знаменско-Абалацкая белгішесінің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр