ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
09.05.2025, 17:25

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы «Жеңіс үшін майданда еңбек еткендерді» еске алды

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы «Жеңіс үшін майданда еңбек еткендерді» еске алды

9 мамыр 2025 жылы – Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 80 жылдығы.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәсіхтің Жарқын қайта тірілуін дәріптеп, Ұлы Отан соғысында жеңісті сыйлағаны үшін Жаратушы Тәңірге алғыс айтып, Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен барлық марқұмдарға дұға бағыштады.

«Ұрыс даласында жанын қиған, жарақаттар мен аштықтан қаза тапқан, тұтқында және ауыр еңбекте жазықсыз азапталып қаза тапқан көсемдер мен жауынгерлер» еске  алынды.

«Адамзатты толық құлдықтан құтқару жолындағы қанды шайқастағы Жеңісті еске ала отырып, Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқаста қаза тапқан, жарақат мен аштықтан қаза тапқан, қоршау кезінде қаза тапқан, азапталып, тұтқында қаза тапқандардың барлығвна дұға бағыштаймыз. Халқына аянбай қызмет етудің үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғысымызды, ризашылығымызды, ізгі тілектерімізді білдіреміз. Жеңіс үшін еңбек еткендердің барлығына құрмет көрсету арқылы біз болашақ ұрпақпен байланысымыздың берік негізін қалаймыз. Ұлы Отан соғысының қасіретті де даңқты күндерін еске алу күнтізбеде сырттай тойлаумен ғана шектелмеуі  маңызды. 1945 жылы 9 мамырда сөйлеген сөзінде Қасиетті Патриарх Алексий I «Жеңіс парыз сезімін, міндеттілік сезімін, қазіргі және болашақ үшін жауапкершілік сезімін тудырады» деп ерекше атап өтті. Ұрыс даласында қан төгіп, бізге аманат етіп қалдырған бауырмалдылықты қанша жыл өтсе де, келешек ұрпақ лайықты түрде сақтауы керек, ал  біздің балаларымыз бен немерелеріміз бейбітшілікте, келісімде, достықта өмір сүруі үшін бұл естелікті халық жүрегінде сақтауы керек. Біз бәріміз соғыстың барлық ауыртпалықтары мен сынақтарына төтеп беріп, бүкіл әлемге бейбітшілік орнатқандардан адалдық пен батылдықты үйренуіміз керек». Митрополит Александрдың сөзінен.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді