ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
18.05.2025, 09:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды Туған Күнімен құттықтауы

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды Туған Күнімен құттықтауы
18 мамыр 2025 жылы Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының тұрақты мүшесі, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың туғанына 68 жыл.
 
Қазақстан епископаты, Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы жанындағы шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, Митрополит округі бөлімдері мен комиссияларының басшылары, Қазақстан Православие Шіркеуінің діни қауымы, монастырдегілері мен дінбасылары Ұлы Мәртебелі митрополит Александрды туған күнімен құттықтап, оған Өмір беруші
Қайта тірілген Мәсіхтің рақымын, денсаулық, жан мен тәннің күш-қуатын және Қазақстан Республикасындағы жоғары және жауапты қасиетті қызметін атқаруда Құдайдың рақымды көмегін тілейді.
 
«Сіз көп жылдар бойы Мәсіхтің майданында  еңбек етіп, Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, Қансыз Құрбандықты әрбірі үшін және барлығының игілігі үшін,
адамдардың жүрегін «тірі және шын Құдайға» бұрдыңыз (1 Фес. 1:9). Жарты ғасыр бұрын, сонау 1975 жылы, сіз құрбанды шіркеулік қызметіңізге ант бере отырып, Нева қаласының семинариясының табалдырығынан аттадыңыз. Содан бері осы уақытқа дейін Сіз Құдайға және адамдарға тынымсыз қызмет етіп келесіз. Сіз он бес жыл бойына Қазақстанның Православие Шіркеуін басқарып келесіз, осынау құтты өлкенің құдай дана әулиелері – Ұлы Дала елшісі, архиепископ Софоний (Сокольский), Қазақстанның тұңғыш шейіті епископ Пимен (Белоликов), діндар митрополит Николай (Могилевский), тақуа митрополит Иосиф (Чернов) және Православие мен Отан тарихында жарқын із қалдырған басқа иерархтардың лайықты мұрагері бола отырып, сіз Қазақстанның Православие Шіркеуін басқарып келесіз. «Жақсы адам жақсы қазынадан жақсылық береді» (Мф.12:35), - дейді Құтқарушы Өзінің Ізгі хабарында. Сіздің қасыңызда болып, қиын қасиетті еңбек жолыңызда сізге көмектесу құрметіне ие бола отырып, біз бәріміз Жаратушы және барлық нығметтерді беруші Құдайдың сізге берген көптеген сыйлары мен дарындарының куәгеріміз. Бірақ сіздің жаныңыздың ең маңызды қасиеттері - бұл жақындарыңызды кешіру және түсіну, қауымыңыздың әлсіз жақтарын елемеу, реніш ұстамау, әрбірін жігерлендіру және көмек қолын созу қабілетіңізде көрінетін шынайы христиандық мейірімділік пен қамқорлық болып табылады. Сіздің өнегелі өміріңіз бен жанкешті қызметіңіздің үлгісі бізді Ана- Шіркеуінің игілігі үшін жасампаз еңбекке және Мәсіхтің өсиеттерін орындауға шабыттандырады. Сіз үшін осы бір ерекше күні біз сіздің денсаулығыңыз бен өркендеуіңізді тілейміз. Үшінші күні қайта тірілген Тәңір Ие сізді Қасиетті Құдай Ана мен Қазақстан жерінде жарқыраған барлық әулиелердің дұғалары арқылы, Қасиетті Шіркеудің игілігі үшін қиын апостолдық қызметті атқаруда күш-қуат беріп, ұзақ ғұмырлы өмір берсін!»
Митрополит округі хатшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы жанындағы шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеу-қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников және Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлерінің Астана және Қазақстан митрополиті Александрға арналған құттықтау сөзінен.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді