ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
23.05.2025, 14:10

Митрополит Александр Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған алматылық шіркеуде Литургияны өткізді

Митрополит Александр Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған алматылық шіркеуде Литургияны өткізді

23 мамыр 2025 жыл – апостол Симон Зелотты еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Құдай Ананың «Барлық қайғығандарға  Қуаныш» иконасы құрметіне арналған шіркеуде Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Оңтүстік астана шіркеулерінің құрметті өкілі Николький соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Скорбященский шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматыдағы Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин; Никольский шіркеуінің кілтшісі протоиерей Игорь Светличный; иеромонах Херувим (Левин); шіркеудің клиригі протоиерей Сергей Десятов; митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонках Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Адриано-Наталиевский шіркеуінің кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; Алматыдағы Қазан соборының кілтшшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Иоанн Чуркин эәне диакон Александр Пивень.

Дұғалық құлшылық ету және сенушілердің рухани нығаюы үшін қызметке Иеміздің Қабірінің тас кесегі бар кеме әкелінді.

О.Соломонованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.

Қасиетті рәсім алдында уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.

Литургия Мәсіхтің Жарқын Қайта Тірілу мерекесін дәріптеумен аяқталды - дін қызметкерлері мен хор Қасиетті Пасха стихирасын шырқады, содан кейін Митрополиттік округтің Басшысы әртүрлі тілдерде дін қызметкерлерін және сенушілерді Пасха мерекесімен құттықтады.

Архипастор ғибадат етушілерге тағылымды сөзін сөйледі.

Митрополит Александр иерей Георгий Рублинскийді діни қызметкер болып тағайындалуының мерейтойымен құттықтап, оған қасиетті просфораны табыс етіп, оның еңбегі үшін алғысын білдірді және Қасиетті шіркеуге алдағы қызмет етуінде Құдайдың мейіріміне бөленуді тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді