24 мамыр 2025 жыл – Словендердің ұстаздары, елшілерге тең қасиетті Мефодий мен Кириллді еске алу күні. Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Патриархы Кириллдің Есімі Күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Кемел ықшам ауданындағы (бұрынғы Первомайский ауылы) Успен шіркеуінде пасха рәсімімен Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Оңтүстік астана шіркеулерінің құрметту өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Іле шіркеу округінің құрметті өкілі, Успен приходының басшысы протоиерей Александр Зырянов; Алматы облысындағы Жетіген кентіндегі Иоанн Кронштадтский шіркеуінің басшысы протоиерей Вадим Алексеев; Алматы қаласындағы Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин; Чапаево ауылындағы Серафимовский шіркеуінің басшысы протоиерей Александр Агеев; Междуреченск ауылындағы Никольский шіркеуінің басшысы протоиерей Владимир Крауз; Митрополиттік округтік қайырымдылық және әлеуметтік қызмет көрсету комиссиясының басшысы протоиерей Вячеслав Пугачев; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Алматы епархиясы шіркеулерінің басшылары мен дін қауымы.
Литургиялық әндерді диакон Александр Пивняның жетекшілігіменжәне Успен шіркеуінің хоры Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.ю
Күшейтілген дұға оқу кезінде Орыс Православие Шіркеуінің қазіргі атымен аталатын Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Патриархы Кириллдің денсаулығы мен амандығы үшін арнайы дұғалар жасалды.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Херувим (Левин) оқыды. Литургия аяқталғаннан кейін, Мәсіхтің Жарқын қайта тірілуіне және славяндардың ағартушылары - апостолдарға тең ағайындылар Кирилл мен Мефодийге ұлықтау өтті, содан кейін Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллгп көпжылдық ғұмыр тіленді.
Қызмет соңында митрополит Александр дұға етушілерге қасиетті су шашып, дін қызметкерлері мен қауымды славян ағартушыларын еске алу күнімен құттықтап, уағызын айтты.
Билеуші Талғар шіркеу округінің құрметті өкілінің міндетін атқарушы, Талғар қаласындағы Никольский шіркеуінің басшысы иерей Кирилл Фрейгангты есімі берілген күнімен құттықтады.
Елшілерге теңестірілген Кирилл мен Мефодийді еске алу күні митрополит Александр Кемел ықшам ауданындағы Успен шіркеуінде Литургияны өткізді
ТолығырақАстана және Қазақстан митрополиті Александрдың атынан Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді есім Күніне орай құттықтауы
ТолығырақАрдақты Иерусалим Патриархы Феофил III православиелік қазақтарға қасиетті сыйлықты тарту етті.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр