ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
28.05.2025, 17:05

Қасиетті Пасха мерекесінің соңғы күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді

Қасиетті Пасха мерекесінің соңғы күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді

28 мамыр 2025 жыл – Қасиетті Пасха мерекесінің соңғы күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Өкілдігінде қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы шіркеуде пасхалық рәсімімен Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және  олардың анасы София атындағы шіркеудің кілтшісі  иеромонах Антоний (Дробиазко) және қоналқалық ауланың  клириктері.

Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.

Қызмет крестпен шеру және Мәсіхтің жарқын Қайта тірілуін мадақтаумен аяқталды, содан кейін митрополит Александр «Мәсіх тірілді!» деп әртүрлі - ежелгі және заманауи тілдерде дауыс етті.

Литургия соңында Митрополиттік округ Басшысы дін қауымын, шіркеудің қайырымдыларын, өкілдік қызметкерлерін және приходтарды қасиетті Пасха мерекесінің аяқталуымен құттықтап, уағызын айтты.

«Христиандық ерлік жолында қиындықтар мен қайғының болатыны сөзсіз, бірақ елші Павелдің батыл, жігерлендіретін сөздерін еске түсірейік: «Мені нығайтқан Мәсіх арқылы мен бәрін істей аламын» (Флп. 4:13).Иеміздің Пасха мейрамының рақымы -  әркез адамзат үшін және бүкіл әлем үшін,  барлық ұрпақтар үшін құтқарудың сарқылмас қайнар көзі болып табылады. Мәсіхтің Қайта тірілуі оның замандастары үшін де, жиырма ғасырдан кейін Оны дәріптейтін біздер үшін де бірдей күш пен мәнге ие. Қайта Тірілген Иемізден Шіркеудің Құпия рәсімдерінде мейірімді көмек келеді, ол арқылы біз «Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдай үшін тірі боламыз» (Рим. 6:11), ал әлсіздігімізде Құдайдың күші танылады (2 Кор. 12:9). Бұл жолда қандай кедергілер шықса да, Қабірден көтерілген Құтқарушы әрқашан бізбен бірге, Ол өзінің адал балаларын сүйіспеншілікпен нығайтады және қолдайды». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді