29 мамыр 2025 жылы, Иеміз Құдайжәне Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Көкке Көтерілуінің он екінші мерекесінде Алматы қаласының бас шіркеуі – Вознесенский кафедралды соборында - тақ мерекелері өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен мерекелік қызметті Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий жүргізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Вознесенский соборы кілтшісінің орынбасары иерей Андрей Шкляр; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; диакон Андрей Плетень; диакон Виталий Быструшкин; иеродиакон Софония (Мазуренко); диакон Александр Пивень; диакон Иоанн Жучков.
Литургияда дұға еткендер: «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының жетекшісі В.М. Капсамун; Алматы епархиясы басқармасының қызметкерлері, собор жексенбілік мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілері, көптеген сенушілер.
Е.Богуславецтің жетекшілігімен Вознесенский кафедралды соборының хоры ән шырқады.
Күшейтілген бұға оқу кезінде есімдері ерекше еске алынғандар: 1903 жылы шіркеудің іргетасын қасиетті еткен Түркістан және Ташкент епископы Паисий (Виноградов); собордың сәулетшісі инженер Андрей Павлович Зенков және архитектор Константин Аркадьевич Борисоглебский; марқұм құрылысшылар, қайырымдылар мен шіркеу жанашырлары, ғибадатхананың діни қызметкерлері мен сенушілері.
Қызмет Құдай Иеміздің Көтерілу белгішесі алдында мадақтау жасаумен аяқталды, содан кейін собордың айналасында крестті шеру өтті.
Епископ Геннадий дін қауымын, монастырлер мен діндарларды тақ мерекесімен құттықтады және уағызын айтты.
Өскемен епархиясында Рудный Алтайдың басты қасиеттісі – Құдай Анасының Знаменско-Абалацкая белгішесінің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті
ТолығырақҚұдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді
ТолығырақМитрополиттік округ Басшысы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында жексенбілік Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр