15 маусым 2025 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 1-ші апта, Құдай жарылқаған Бүкіл Әулиелердің мерекесі.
Триоди Синаксарийінде (мереке туралы тарихи ақпарат жинағы) Бүкіл Әулиелердің мерекесін құрудың негізгі себебін былай түсіндіреді: «Қасиетті әкелер мұны Киелі Рух түскеннен кейін орындалады деп, бізге Киелі Рухтың елшілер арқылы келген жемістерін көрсету ниетімен белгіледі. Табиғатынан бізге жақын адамдарды қалай қасиетті етіп, оларды дана етіп, періште дәрежесіне көтеріп, Құдайға жеткізді: кейбіреулерін шейіт болғаны үшін тәж кигізуі, енді біреулерін ізгі өмір сүргені үшін марапаттауы... Әр түрлі жолмен дәріптелетін Бүкіл Әулиелердің болмысы енді Құдайға өзінің алғашқы жемістерінің бір бөлігін әкелгендей болды».
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институты орналасқан Алматы қаласы – Алатау ықшамауданындағы Ең Қасиетті Қүдай Ананың Ізгі Хабарландыру шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуанышы» белгішесі құрметіне арналған алматылық шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Митрополиттік округтің білім беру және катехизация бөлімінің басшысы, Оңтүстік астананың Покровская және Ең Қасиетті Құдай Ана соборының құрметіне арналған шіркеуінің басшысв протоиерей Евгений Бобылев; Алматы теологиялық семинариясының ректоры, Митрополиттіа округтің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; игумен Гавриил (Тутберидзе); Іле шіркеуі округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; протоиерей Владимир Глухих; Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин; Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; иерей Николай Матлашов; протодиакон Николай Гринкевич; иитрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Рустик Якупов.
Е.Скорованың жетекшілігімен Алматыдағы Құтқарушы Христос соборының хоры ән шырқады.
Мерекелік жиында дұға еткендер: Алатау ықшамауданының православиелік тұрғындары және жақын маңдағы елді мекендердің діндарлары.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия аяқталғаннанкейін, Құдай жарылқаған бүкіл әулиелерді мадақтау өтті.
Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен епископатына; Президентке, билікке, әскерилер мен бүкіл Қазақстан халқына ұзақ ғұмырлы өмір тіленді.
Митрополит Александр жиналғандарға архипасторлық тағылымды сөз сөйледі.
«Шіркеу күнтізбесінің әрбір күні Құдайдың бір немесе басқа әулиесін, шейітті немесе тақуаны, әулиені немесе құрметті адамды еске алумен белгіленеді. Ал бүгін біз Құдай жарылқаған бүкіл әулиелерді мінажатпен еске алып, тақуа өмірінің, ерліктері мен еңбектерінің арқасында Жаратқан Иенің құрметіне періштелер құдіретінің қатарында болу даңқы мен оның көктегі тағының алдында тұру құрметіне ие болғандарды дәріптеп ерекше мереке өткіземіз. Мәсіх шіркеуінің тарихы - ең алдымен, қасиеттілік тарихы, Құдайдың рақымына ие болған адамдардың тарихы, Құтқарушының Інжіл келісімдерін сөзбен емес, өз өмірлерімен орындаған христиандардың тарихы. «Сүйікті балалары ретінде Құдайға еліктеп, Мәсіх бізді сүйгендей сүйіспеншілікпен өмір сүріңдер» (Еф. 5:1), — деп үйретеді елші Павел. Құдайға қалай еліктеу керек, әртүрлі өмірлік жағдайларда қалай Оның адал перзенттері болу керек, Оның құтқару еркін қалай орындау керек - бұл әулиелер әскерлерінің ілімі. Олардың әрқайсысында бізге үйренетін нәрсе бар: біреуі дұғада өсіреді, екіншісі кішіпейілділік пен момындыққа үйретеді, үшіншісінің нұсқауларынан біз көктегі даналықты аламыз, екіншісі құмарлықты жеңіп, әлсіздіктерді қалай жеңуге болатынын көрсетеді. Бізге сіздермен құтқарылу жолында жалғыз емес екенімізді жақсы білеміз, өйткені Құдайдың әулиелері бізді дұға ету арқылы нығайтады. Тек олардың шапағатына жиі жүгініп, өмірлерінің мысалдарын еске түсіріп, өсиеттерін басшылыққа алу маңызды. Әрбір христиандық тақуалық пен абыройда өмір сүру үшін өзін, балалары мен немерелерін қазіргі әлемде үстемдік етіп отырған күнәлар мен жаман әрекеттердің азғындық әсерінен қорғау үшін үлкен сүйіспеншілік пен шыдамдылықты, күш пен батылдықты қажет етеді. Православие ақиқатын санамызда және жүрегімізде берік сақтаған кезде, шіркеудің құтқарушы қоршауында, Құдаймен және оның әулиелерімен қасиетті Құпиялар мен дұғалар арқылы байланыста болған кезде Иеміз бізге мұның бәрін жомарттықпен береді.» Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр