4 шілде 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының Александро-Невский шағын шіркеуінде Кузбасс митрополиясы делегациясының мүшелерін марапаттау рәсімі өтті.
Делегация құрамында болғандар: Кемерово епархиясының викарий Даниил Гуревский, Кемерово епархиясы басқармасының хатшысы протоиерей Дмитрий Мошкин, Кузбасс православиелік рухани семинариясының басшысы иерей Андрей Мояренко.
Іс-шараға қатысқандар: Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат және баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысы әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров.
Қазақстан митрополиттік округі мен Кузбасс митрополиті арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін делегация мүшелері Түркістан епархиясының құрылғанына 140 жыл толуына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
Протоиерей Евгений Иванов Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың атынан марапатталғандарға шіркеулік мойынсұнушылықтарды орындауда Құдайдың көмегін, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, оларға Қазақстанның жаңа шейіттері мен мойындаушыларының икондарын табыс етті.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр