6 шілде 2025 жыл. Көкшетау. Воскресенский кафедралды соборында Құдайлық Ллитургия аяқталғаннан кейін Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий епархиялық жаңадан құрылған мейірбекелер қауымының қатысушыларына бата беру рәсімін өткізді.
Шіркеудегі әлеуметтік қызметті дамыту мақсатында Көкшетау епархиясы әкімшісінің батасымен Құдай Анасының Владимирский белгішесі құрметіне мейірбекелер қауымы құрылды. Ұйым қызметкерлері епархиялық әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қатысып, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты және панасыз адамдарға қолдау көрсетіп, приходтар арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізетін болады.
Рәсім басталар алдында архипастор жиналғандарға қиын жағдайға тап болған жақындарына ерікті қызмет көрсетудің маңыздылығы туралы айтты.
Архиепископ Варсонофий қайырымдылық қозғалысының әрбір қатысушысына атқарған жұмыстары үшін батасын беріп, оларға қасиетті суды шашты. Мейірбеке болып 12 адам тағайындалды.
Жоғары Мәртебелі асыл жандарғк Жаратқан Иеден денсаулық, күш-қуат және жәрдем тіледі.
Құдай Анасы Владимирский белгішесінің құрметіне құрылған мейірбекелер қауымының қатысушылары теориялық оқуды онлайн, тәжірибелік оқуды Көкшетау қаласындағы Воскресения Христова кафедралды соборы жанындағы Мәскеу әулие Алексий ауруханасының оқу орталығының оқытушыларымен өтті. Бұл әулие Алексийдің Мәскеу Орталық клиникалық ауруханасының директоры және бас дәрігері А.Ю. Заровтың ықпал етуімен мүмкін болды.
Архиепископ Варсонофий Көкшетау епархиясының жаңадан құрылған мейірбекелер қауымының қатысушыларына бата беру рәсімін өткізді
ТолығырақҚазақстан Православие Шіркеуінің жаңартылған ресми Telegram арнасы өз жұмысын бастады
ТолығырақҚұдай Анасының Тихвинская белгішесі мерекесінде Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округі Өкілдігінің шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр