ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
16.07.2025, 15:05

Митрополит Александр Қазақстанның көктегі қоғаушылары – Алматының Серафим мен Феогност қасиетті шейіттеріне дұға бағыштады

Митрополит Александр Қазақстанның көктегі қоғаушылары – Алматының Серафим мен  Феогност қасиетті шейіттеріне дұға бағыштады

16 шілде 2025 жылы – Оңтүстік астананың және Жетісудың көктегі қорғаушылары – Алматы мен Ақсайдың қасиетті шейіттері Серафим мен Феогносттың жәдігерлерінің ашылуының құрметіне арналған мерекелеу. Алматыдағы митрополиті Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының Александр-Невский шағын шіркеуінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәсіхтің Ақсайлық азап шеккендерге дұға бағыштады.

Қызметте дұға еткендер: қала шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Митрополиттік округтің діни білім және катехизация бөлімінің төрағасы, Покровская шіркеуі мен

Оңтүстік астананың Қасиетті Құдай Анасы соборының басшысы протоиерей Евгений Бобылев; Алматы рухани семинариясы ректорының м.а., Митрополиттік округінің ақпарат және баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; Протоиерей Александр Соколов; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Округтің ақпарат және баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары иерей Кирилл Коноплев; иерей Андрей Ивашинин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Богдан Бойко, диакон Александр Пивень, диакон Роман Караман, епархия басқармасының қызметкерлері.

Дұға бағыштау қызметіне қасиетті шейіт Серафим мен Феогносттың жәдігерлерінің бөлшектері бар кеме әкелінді.

Алматы епархиясының ерлер хоры ән шырқады.

Қызмет ету соңында архипастор Қазақстан жерінің ерекше құрметті қос тақуасына дұға бағыштап, содан кейін ол жиналғанларға қысқаша сөз сөйледі.

"Жаңадан шейіт болғандар мен діни мойындаушылардың ерліктері туралы айтатын болсақ, бұл бізге қарағанда олар үшін теңдесі жоқ ауыр болғанын түсінеміз. Бүгінде ешкім Мәсіхке сенгені үшін өлімге, азаптауға, түрмеге немесе қуғынға ұшыраумен қорқытпайды. Бірақ зұлматы мынада, қазір ешқандай мәжбүрлеусіз кейбір адамдар рухани өмір сүруден, сенімінен бас тартады.

Басқалары болса өздері шомылдыру рәсімінен өткен және өскен шіркеуге қастандық жасайды, әдейі  кемшіліктерді мұқият іздейді және көбінесе - жалған сөйлейді. Ізгі хабардың мына бір пайғамбарлық сөзі орындалуда: “Заңсыздық көбейгендіктен, көптің сүйіспеншілігі суып кетті” (Мф. 24:12-ні қараңыз). Расында да, адамдарда Құдайға да, жақынға да осы қасиетті сезім азайып барады. Біздің қоғамды осы азғырулар мен адасулардан не құтқара алады? Әрине, күшті сенім, тіпті өлім қаупі болса да Құдайдан бас тартпаған,  құтқарушы шіркеу қорғанын тастап қагпаған жаңа шейіттер мен мойындаушыларды еске алу. Олар Құдайға барды, олардың есімдері бүгінде тарихтың бір бөлігі болды, бірақ бұл барлық зардап шегушілер тобы әлі де тірі және өздерінің жоғары миссиясын орындауды жалғастыруда. Жаңа шейіттер мен мойындаушылар біздің халқымыз үшін құтты нұрдың қайнар көзіне, Шіркеудің даңқы мен сәніне айналды ».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді