ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
21.07.2025, 16:05

Құдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді

Құдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді

21 шілде 2025 жыл – Қазан қаласында қасиетті Құдай Анасының ғажайып белгішесінің пайда болуын еске алу және Аспан Патшайымының «Нышан» Абалацкая-Семипалатинская белгішесінің құрметіне арналған мереке.

Астана және Қазақстан  митрополиті Александр өзінің тақ мерекесін атап өтіп жатқан «Малая станицадағы» Қазан Құдай Анасының белгішесі құрметіне ашылған соборы - Алматы қаласының ең көне шіркеуіндеҚұдайлық Литургияны өткізді.

Қазан соборында екі ерекше жәдігер бар: шіркеуге ХХ ғасырдағы сенімді қолдаушы және тақуалық митрополит Иосиф (Чернов) сыйға тартқан  17 ғасырдағы қасиетті Құдай Анасының құрмет тұтатын Қазан белгішесі және  Құдай Анасының ғажайып Қазан белгішесінің Ватикандық тізімінің «өлшемі мен ұқсастығы»(мера и подобие) дәл көшірмесі. Ең қасиетті Құдай Анасының ғажайып Қазан белгішесі көшірмесін қасиетті ету рәсімін Митрополит Александр 2021 жылдың 16 қазанында Қазан қаласында көне белгішеде жасады.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий және Талдықорған епископы Клавдиан; Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының ректоры протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының«Қайғырғандарға Қуаныш» белгішесі құрметіне ашылған алматылық шіркеуінің басшысы  протоиерей Евгений Воробьев, Іле шіркеуі округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов, Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; иеромонах Херувим (Левин),Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Константин Вольнягин, диакон Георгий Ткаченко.

Алматыдағы митрополиттік резиденцияның Иверско-Серафимовская үй шіркеуінде сақталған Ең Қасиетті Құдай Анасының ғажайып «Нышан» Абалацкая белгішесінің «мера в меру» дәл көшірмесі шіркеуге сенушілердің рухани жұбанышы мен нығаюы үшін жеткізілді.

Белгіше Тобольск икона кескіндеме шеберханасының суретшілері жасаған; жақтаушасы MDG зергерлік студиясында жасалған.

Қызметте  дұға еткендер: «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының басшысы В.М. Капсамун, Алматы епархиясының басқармасының қызметкерлері, собордың қайырымдылары мен приходтары, қаланың православие тұрғындары.

Регент М.С. Чистякованың жетекшілігімен аралас хор орындалды.

Евхаристикалық каноннан кейін митрополит Александр Алмаиы рухани семинариясының үшінші курс студенті Даниил Пасюкке диакондық тағайындалу рәсімін орындады.

Қасиетті  өлеңнен кейін уағызды протоиерей Валерий Захаров айтты.

Литургия Құдай Анасының Қазан және Абалацкий белгішелерінің алдында мадақтаулар жасаумен аяқталды, содан кейін кресттік шеру өтті.

Одан әрі қарай Қазан шіркеуінің құрбандық үстеліндегі қорымда марқұмдарға жерлеу литиясы жасалды.

Митрополит Александр иерархтарды, дінбасыларды және приходтарды Оңтүстік астанадағы ең көне шіркеудің тақ мерекесімен құттықтап, Ең Қасиетті Құдай Ананы қастерлеу туралы сөз сөйледі.

«Орыс Православие Шіркеуінде белгілі Құдай Анасының көптеген белгішелерінің ешқайсысы Қазан белгігесі сияқты кең таралған емес. Ол бүкіл әлемде құрметке ие және миллиондаған сенушілер оған назар аударады. Адам өмірі қайғыларға қасіреттерге және сынақтарға толы, бірақ христиан жүректері үшін әрқашан жұбаныштың сарқылмас көзі бар - қиын жағдайларда, қиындықтарды бастан өткергенде немесе қауіп төнгенде, біз әрқашан Құдайдың Ең Таза Анасының дұғалық шапағатына сеніммен және үмітпен жүгінеміз. Ал біздің өтініштеріміз бен күрсінулерімізге, жүректеріміздің үміттеріне жауап ретінде Ол біздің суық жүректерімізді аналық махаббатымен жылытып, бізді қиыншылықтар мен азғырулардан құтқарып, мәңгілік Аспан Патшалығына бағыттайды. Әулие Иоанн Златоуст былайша үйретеді: " Бикеш Мәрия бізді барлық жағынан естиді. Өйткені жарық жерде, тірілер елінде әркез Құтқарушы Ана жүркді". Дегенмен, Құдайдың Қасиетті Анасының Қазан белгішесінен алатын барлық ізгіліктер Құдай мен Оның рақымы арқылы орындалатынын, бізге Аспан Патшайымының дұғаларымен белгіше арқылы көрінбейтін түрде берілетінін есте ұстаған жөн. Сұрағанымыздың болып, тілегіміздің орындалып, үмітімізді ақталуы жүрегімізде Құдайға шынайы сеніміміздің, Оның мейіріміне деген сеніміміздің болуымен ғана мүмкін. Қасиетті Елші Павел бізге бұл туралы былай деп үйретеді: «Сенімсіз Құдайға жағу мүмкін емес, өйткені Құдайға келетін адам Оның бар екеніне және Оның Өзін ынтамен іздегендерді марапаттайтынына сенуі керек» (Евр. 11:6). Өз жанын тазартпай, тәубеге келмей, өмірді түземей, құлшылықтың нәтижесі болмайды. Шіркеудің ұлы ұстазы әуоие  Григорий әулиенің айтуынша, «бұлт күн сәулесінің нұрын жауып тұрғаны сияқты, күнәһар күнәларын мойындағысы келмейтін және олардан бас тартқысы келмейтін күнәкар да Құдайдың сүйіспеншілігі мен Құдай Анасының мейірімінің сәулелерін өзі үшін жауып тастайды». Сондықтан Аспан Патшайымының даңқты жүзіне құлшылық ете отырып, ерекше құлшыныспен Иемізден күнәларымыздың кешірілуін, нәпсілерімізді жеңуімізді, құмарлықтардан  арылуымызды сұрайық. Біздің өтініштеріміз бен дұғаларымыздың негізгі тақырыбы Құдайдың Анасы болып табылатын ізгі христиандық өмірге ие болу болсын. Қасиетті азап шегуші Игнатий Богоносецтің айтуы бойынша, Мәңгілік Бикеш «қуғында және қиыншылықта еш көңілін түсірмеді, мұқтаждық пен кедейлікте ренжімеді, оны қорлағандарға ашуланбады, тіпті оларға жақсылық жасады; молшылықта қарапайымдылық көрсетті, кедейлерге мейірімді болды және оларға қолынан келгенше көмектесті және жақсылық жасады». Құдайдың Ең Қасиетті Анасының мейірімі бәрімізге түссін.» Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді