ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
25.07.2025, 16:10

Орал және Атырау епископы Вианор өзінің көктегі қоғаушысының күнін дұға етіп атап өтті

Орал және Атырау епископы Вианор өзінің көктегі қоғаушысының күнін дұға етіп атап өтті

23 шілде  2025 жыл – Мәскеуде Иеміз Иса Мәсіхтің қасиетті жабынының салтанатты түрде Көшірілуі құрметіне арналған мерекелеу; қасиетті Антоний Печерский , шейіт болған Вианор мен Силуанды еске алу күні.

Орал және Атырау епископы Вианор Ақтау қаласындағы Благовещенский приходының Мысырдың қасиетті Мария шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді. 

Қызмет басталмас бұрын архипастор шіркеуге  қасиетті ету ұлы рәсімін жасады.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Благовещенский приходының басшысы протоиерей Сергий Понич, архимандрит Гавриил Тутберидзе, Қаскелең қаласындағы Орал епархиясының Архангел Михаил шіркеуінің кілтшісі протоиерей Павел Придатченко, Атырау қаласындағы Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Варфоломей(Мостовщиков),  Жаркент қаласындағы Илия пайғамбар шіркеуінің басшысы иерей Дмитрий Каплин, Ақтау қаласындағы Благовещенский  шіркеуінің клиригі иерей Михаил Соколов, Орал қаласындағы Құтқарушы Христос соборының клиригі протодиакон Иоанн Рошка, Михаил Архангел кафедралды соборының клиригі иеродиакон Арсений (Рыбальченко), Атырау қаласындағы Успен соборының клиригі диакон Богдан Муликов.

Литургиялық әндерді Е.Чукалованың жетекшілігімен Благовещенский шіркеуінің хоры орындады. 

Қасиетті өлеңнен кейін уағызды протоиерей Павел Придатченко оқыды.

Литургия шейіттер Вианор мен Силуанды мадақтаумен аяқталды, содан кейін крестті шеру өтті. Протоиерей Павел Придатченко қызмет еткен дінбасылар мен приходтардың атынан епископ Вианорды есімі күнімен құттықтап, оған жан мен тәннің мықтылығын, Қасиетті Шіркеуге қызмет етуде Иеміздің мейірімді көмегін тіледі.

Орал және Атырау епархиясы істері басшысы жиналғандарға ізгі тілектері мен дұғалық қолдаулары үшін шын жүректен алғысын айтып, уағызын оқыды.

Қызмет соңында иерарх Благовещенский приходының қайырымды жандарын алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді