ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
28.07.2025, 16:15

Митрополит Александр Астанадағы «Турин Кебіні» көрмесінің ашылуының дайындық барысымен танысты

Митрополит Александр Астанадағы «Турин Кебіні» көрмесінің ашылуының дайындық барысымен танысты

28 шілде 2025 жыл. Астана.  Астана және Қазақстан митрополиті Александр бірегей тарихи-археологиялық ескерткіш – «Турин Кебініне» арналған көрмеге дайындық жүріп жатқан Бейбітшілік және Келісім сарайында болды.

Митрополит округінің Басшысын қарсы алғандар: елордалық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), көрменің бастамашысы және жетекшісі, Германиядағы Мальта орденінің сарапшысы Б.Фальк; «Kirche in Not» («Шіркеуге қиын кезде Көмек») халықаралық қайырымдылық қорының Шығыс Еуропамен байланыстар бөлімінің басшысы П.В. Гуменюк; Христианаралық қатынастар бойынша СШББ хатшылығының қызметкері М.Б. Нелюбова, Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушылары мен студенттері.

Билеуші митрополит келген соң танымдық шараны ұйымдастырушылармен бірге көрменің ашылу дайындығымен танысты. Халықаралық деңгейде мойындалған «Турин Кебіні» көрмесі артефакттың ғылыми зерттеуіне арналған Інжіл реликтерінің нақты өлшемдегі көшірмесі мен экспонаттарын қамтиды.

Көрмемен танысып шыққан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, одан кейін жиналыс өткізді.

Жұмыс кездесуі барысында архипастор Қазақстан Республикасы аумағында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне орайластырылған «Турин Кебіні» көрмесін өткізу еліміздегі дәстүрлі христиан конфессияларының ынтымақтастығына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Жиналыста көрмені ұйымдастырудың негізгі аспектілері, оның ішінде оның мазмұны, логистика және білім беру бағдарламасы талқыланды. 

Көрме екі жыл бойы Қазақстанды аралап, Астана, Алматы, Қарағанды және Петропавл қалаларын аралайды деп күтілуде. Көрменің басты мақсаты – қазақстандық қоғамның қалың жұртшылығын ең танымал христиан жәдігерлерінің бірімен таныстыру, оның тарихы мен зерттеулері көптеген ғалымдар мен діндарлардың әлі күнге дейін  қызығушылығын тудыруды жалғастырып келеді.

Кездесу соңында Митрополиттік округ Басшысы жиналғандарға еңбектері үшін алғысын білдіріп, осындай жоғары да жауапты істе барлығына Құдайдың жәрдемін тіледі. Көрменің ашылуы 1 тамызда Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді