ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
02.08.2025, 11:45

Алланың пайғамбары Ильяны еске алу күні. Митрополит Александр Астанадағы Константино-Еленинский соборында Литургияны өткізді

Алланың пайғамбары Ильяны еске алу күні. Митрополит Александр Астанадағы Константино-Еленинский соборында Литургияны өткізді

2 тамыз 2025 жылы – Құдайдың қасиетті пайғамбары Ильяны еске алу мерекесі.

Илья пайғамбар көкке отты көтерілген күннен бастап оның сенуші халық тарапынан құрмет ешқашан тоқтаған емес. Орыс Православие Шіркеуі «аспандық» пайғамбарды ерекше құрметтейді. Кнәз Игорь кезінде Киевте салынған алғашқы шіркеу Илья пайғамбардың құрметіне қасиетті етілді. Шомылдыру рәсімінен өту рәсімінен кейін апостолдарға тең ханшайым Ольга өз отанында, Выбуты ауылында Ильинский шіркеуін салды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы ең көне шіркеуі – Константино-Еленинскиц соборында Құдайлық Литургияны өткізді. 

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қарағанды және Шахты архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Астаналық шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Құдай Анасының «Жоғалғандарды іздестіру» белгішесінің құрметіне арналған Астана монастырінің діндары иеромоназ Модест (Дроздов); Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Дмитрий (Байдек); Константино-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев, Астанадағы әулие Серафим Саров шіркеуінің кілтшісі иеромонах Силуан (Синегубов), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, диакон Илия Давыдов, диакон Илия Саляхов, диакон Евгений Гудзь, диакон Александр Пивень, диакон Георгий Ткаченко.

Әндерді Н.Мазуринаның жетекшілігімен Константино-Еленинский шіркеуінің хоры орындады.

Қызметте Республика астанасының православие тұрғындары мен оған жақын орналасқан елді мекендердің діндарлары дұға етті.

Қасиетті өлеңнен кейін Иеромонах Силуан (Синегубов) уағызын айтты.

Литургия соңында Илья пайғамбардың белгішесі алдында мадақтау болды. 

Илья күніне байланысты ежелгі дәстүр бойынша, билеуші митрополит жаңа егіннің жемістеріне бата беру рәсімін жасады - ол «Көкөністердің алғашқы жемістерін әкелгендер туралы» дұғасын оқыды: «Біздің Билеушіміз, Құдай Ие, әркім өз тартуына сай өзінікін Саған әкелуді бұйырдың...» деп көкөністер мен жемістерге қасиетті суды себеледі.

Билеуші митрополит Илья пайғамбарды дәріптеп, тропарион шырқап, жиналғандарға қасиетті суды шашты.

Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен құрметті архипастырларына; ел Президенті Қ.-Ж.Қ. Тоқаевқа; билікке, әскерилерге және бүкіл Қазақстан халқына көп жылдық ғұмыр тіленді;

2 тамызда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың иерей болып тағайындалғанына 42 жыл толды. 1983 жылы Киров облысындағы Волково ауылындағы Үшбірлік шіркеуінде Илья пайғамбардың мерекесінде мәңгі есте қалатын архиепископ Хрисанф (Чепиль; †2011, кейінірек Вятский және Слободский митрополиті) өзінің хатшысы диакон Александрды діни қызметші лауазымға тағайындады.

Архимандрит Сергий (Карамышев) Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын діни қызметке тағайындалу күнімен құттықтады.

Митрополит Александр өз жауабында иерархтарға, діни қауымға және Литургияның барлық қатысушыларына ізгі тілектері үшін шын жүректен алғысын білдірді және шіркеуге жиналғандардан архипасторлық қызметінде Құдайдан күш-қуат, мейірімді көмек жіберу үшін арнайы дұға етуін өтінді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы диакон Илья Давыдовты, диакон Илья Саляховты және оның иподиаконы Илья Яценконы есімдері күнімен шын жүректен құттықтап, оларға қасиетті просфораны және Құдайдың пайғамбары Ильяның белгішесін сыйға тартып, оларға Құдайдың мейіріміне, рухани және тән саулығын және Христос шіркеуіне құлшыныспен қызмет етулерін тіледі.

«Әулие Ильяның пайғамбарлық ерлігі Құдайға деген ерекше жалынды құлшыныспен тұнып тұр – бұл оның қызмет етуінің басты ерекшелігі. Қасиетті Жазбаларда біз жыршы Давидтің мынадай сөздерін естиміз: «Сенің үйіңе деген құлшыныс мені жалмады» ((Пс. 68:10). Илья Құдайдың даңқы үшін асқан құлшыныспен осы сенім отымен жанып тұрды. Құдай оған мынадай сұрақпен бұрылды: -...Мұнда не істеп жүрсің, Илья? Ол былай деді: “Мен Құдай Иені Саваофтан

қатты қызғандым, өйткені Исраилдіктер Сенің өсиетіңнен бас тартты, құрбандықтарыңды қиратты және пайғамбарларыңды семсермен өлтірді”  (3 Цар.19:9-10).  Исраилдіктердің шынайы Құдайға емес, жансыз пұт Ваалға сиынғанына Илья немқұрайлы қарай алмады. Илья надандардың Жаратқан Иенің сөзін уағыздайтын ешкімі жоқ екеніне, өйткені Тірі Құдайдың пайғамбарлары өлтірілгеніне және олардың орнына Ваалдың жалған пайғамбарлары пұтқа табынушылық ырымдарын үйреткеніне қатты наразыланды. Иеміз Құдайдың еркі жер бетінде орындалмаса, Жаратушының есімі асқақтамаса, ол бұл дүниеде өмір сүргісі келмеді. Құдайдың даңқына деген құлшынысымен пайғамбар бізді әрқашан есте ұстауды - Иеміз Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары, Оның киелі еркін орындаушы болуды үйретеді. Біз Құдайдың өсиеттерін міндетті және бұлжытпай орындауға дағдылануымыз керек. Біздің өміріміз бен жақындарымыз бен достарымыздың Құдайдан алыс болуы мүмкін емес болатындай рухани көзқарасты өз бойымызда тәрбиелеуіміз керек.» Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді