ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
03.08.2025, 13:55

Жексенбі күні Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алуға орай, Митрополиттік округ Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді

Жексенбі күні Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алуға орай, Митрополиттік округ Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді

3 тамыз 2025 жылы – қасиетті ханшайым Анны Кашиннің

жәдігерлерінің табылу құрметіне арналған мереке, Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алу күні. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астананың Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қарағанды және Шахты архиепископы

Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Астаналық шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуаныш»белгішесінің құрметіне арналған шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), Астанадағы Серафим Саров шіркеуінің клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), Астаналық құрметті өкілдіктің православиелік жастар қозғалысының жетекшісі иерей Григорий Куликов, иерей Сергей Дианов; Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, диакон Илия Давыдов, диакон Михаил Чумаков, диакон Александр Пивень, диакон Георгий Ткаченко, диакон Ярослав Вохменцев.

Литургияда дұға еткендер: Астана епархиясы басқармасының қызметкерлері, Астаналық православ жастар қозғалысының белсенділері, орталық жексенбілік мектептің ұстаздары мен тәрбиеленушілері. 

Қасиетті өлеңнен кейін иеромонах Димитрий (Байдек) уағызын айтты.

Мерекелік жиын соңында Митрополиттіе округ Басшысы жиналған қауымға ғибратты сөзін сөйледі.

Билеуші митрополит сенушілерге қасиетті суды шашты.

Қызмет соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Успен соборының оқырманына О.А. Бирюлинаға жан және тән мықтылығын, Қасиетті Шіркеуге қызмет етуде Иеміз Құдайдың мейірімді көмегін тілей отырып,  «Ынталы Қызмет Үшiн» (За Усердное Служение) орденін табыстады.

«Мәңгілік өмірге Құдайға деген сүйіспеншілік пен жақынымызға деген сүйіспеншілік арқылы қол жеткізілетінін білеміз, бірақ Иеміз Құдайдың Өзі бізге тағы бір ұлы шындықты ашты: адамды Аспан Патшалығына - Мәсіхтің киелі өмір беретін құпияларына - Құтқарушымыздың ең таза Денесі мен Қанына құдайлық тағам апарады. Бірлесу құпиясы рәсіміне қатысу - күнәдан арылудың тиімді құралы. Иеміз Құдай Иса Мәсіх бізге былай ескертеді: «Адам Ұлының тәнінен, қаныеан дцм татпасаңдар, сендерде өмір болмайды» (Ин. 6:53). Сырттай қарағанда, ауыз бекітуді сақтамайынша, Құдайдың ғибадатханасына жиі бармайынша және қасиетті рәсімдерге қатыспайынше сенушіге Жаратқан Иенің берген жұбаныш пен жәрдемін сезіну, сол рақымды сыйлықтарды сезіну мүмкін емес. Жеке рухани тәжірибені ақыл-ойдың кез келген күш-жігерімен, ерік-жігердің шиеленісуімен немесе сезімнің зейінімен алмастыруға болмайды, өйткені «Құдай Өзін жақсы көретіндер үшін дайындаған нәрселерді көз көрмеген, құлақ естімеген және адамның жүрегіне енбеген» (1Кор.2:9). «Дәмін татып көр де, Жаратқан Иенің каншалықты қайырымды екенін көр!» (Пс. 39:9) – дейтұғын жыршы Давидтің сөздерімен Мәсіхтің шіркеуі бізді шынайы, нағыз рухани өмірге қосылуға шақырады». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді