ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.08.2025, 17:00

Митрополиттік округ Басшысы Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатиймен жұмыс кездесуін өткізді

Митрополиттік округ Басшысы Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатиймен жұмыс кездесуін өткізді

7 тамыз 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың жастар ісі жөніндегі комиссияның төрағасы, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатиймен жұмыс кездесуі өтті.

Жоғары Мәртебелі Митрополиттіе округ Басшысына 8-11 тамыз аралығында Алматыда Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің батасымен өтетін Қазақстан православие жастарының X Съезінің бағдарламасын ұсынды.

Форум бағдарламасында жастар жұмысы, Алматы епархиясының діни қызметкерлерімен қарым-қатынас тақырыбы, YouTube желісіндегі «Серафим» арнасының авторы С.Сашлиевпен кездесу, өскелең ұрпақты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікірталас, Қазақстанның жаңа шейіттері мен діндарларына арналған интеллектуалдық викториналар; экскурсиялар мен концерт, Алматының және бүкіл Қазақстанның көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіт иеромонахтар Серафим (Богословский) және Феогност (Пивоваров) шейіт болған жеріне шеру жасау жоспарланған.

Епископ Игнатийдің сөзінше, бұл іс-шараның делегаттары Қазақстан жастар бірлестіктерінің жетекшілері, епархиялар мен приходтардағы жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға жауапты мамандар және Ресейден келген қонақтар болады. Митрополит Александр Митрополиттік округтің қамқоршылығымен ауқымды жастар съезін өткізу - Қазақстан Православие Шіркеуінің балалар мен жасөспірімдерді дәстүрлі адамгершілік-рухани құндылықтар, шынайы патриотизм рухында тәрбиелеу, демек, еліміздің лайықты болашағын құрудағы ортақ іске қосқан үлесі екенін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Ақтөбе епархиясының қызметі мәселелері  - ағартушылық және әлеуметтік-қайырымдылық жұмыстарын жүзеге асыру, приходтық рухани-мәдени орталықтарды құру және жастар істері орталықтарының жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды. Байқоңыр, Қызылорда қалаларындағы шіркеу өмірін дамытуға және ауылдық жерлерде тұратын діндарларға  рухани қамқорлық көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. 

Епископ Игнатий Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына жас Ақтөбе епархиясының өміріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді