ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
09.08.2025, 20:35

Алматы приходтарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров қасиетті Сергий Радонежскийдің I-дәрежелі орденімен марапатталды

Алматы приходтарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров қасиетті Сергий  Радонежскийдің I-дәрежелі орденімен марапатталды

9 тамыз 2025 жыл. Алматы. Никольский соборындағы Құдайлық Литургия соңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаровты атаулы күн – 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Валерий әкеге Сергий   Радонежскийдің I-дәрежелі орденін табыс етті. Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін және діни қызметкер болып тағайындалғанына 50 жыл толуына байланысты Алматының құрметті өкілін жоғары наградамен марапаттады.

Патриархалдық орденді табыстай отырып, митрополит Александр, атап айтқанда былай деді: «Биыл Алматыдағы Никольский соборында қызмет еткеніңізге жарты ғасыр толды. Сіз өзіңіздің туған ғибадатханаңызға үнемі қамқорлық жасап, ежелгі литургиялық дәстүрлерді сақтап, балалар мен жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп келесіз. Қазір де, бұрынғыдай, сіз барлық жағдайда рухани беріктіктің, Құдайға берілгендіктің және өз қызметіңізге адалдықтың үлгісін көрсетуге тырысып жатқаныңызды және Иеміз Құдайдың сөзі одан әрі таралып, дәріптелуі үшін тынымсыз еңбек етіп жатқаныңызды атап өту қуантады (2 Фес. 3:1). Сондықтан да Сіздің тәлімгер бауырларыңыздың арасындағы беделіңіз жоғары, қауымыңыз Сізді шын жүректен жақсы көреді, жұртшылықтың мойындауы ұлан-ғвйыр. Сіздің көп жылғы қызметіңіз жоғары шіркеулік және мемлекеттік наградалармен және ілтипат белгілерімен бағаланды. Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Ресей  Қасиетті Патриархы Кирилл Сіздің ерекше мерекеңізге орай, Сізді осы орденнің иегері болу үшін шіркеудің ең жоғары наградаларының бірі – Сергий   Радонежскийдің I-дәрежелі  орденімен марапаттады. Сізге, қымбатты Валерий әке, Сіздің қамқорлығыңыз арқылы Құдай халқы шындықта, тақуалықта, сенімде, сүйіспеншілікте, шыдамдылық пен кішіпейілдікте өркендеуіне тілектеспін (1Тим.6:11).

Билеуші митрополит Валерий әкеге қасиетті просфора мен гүл шоғын сыйлады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді