20 тамыз 2025 жыл. Шымкент. Шымкент епархиясына архипастырлық сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Христиан діні үшін азап шеккендерді, саяси тұтқындарды және ХХ-ғасырда қуғын-сүргінге ұшырағандарды жазалау орны болған Лися балкада марқұмдарға дұға бағыштады.
Марқұмдарға бағыштап дұға еткендер: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, Шымкент епархиясының хатшысы А.Б. Демин және епархия қызметкерлері.
Жиналғандар «қатты қуғын-сүргін кезінде Қазақстан жерінде Құдайдың ақиқаты үшін Мәсіхтің Шіркеуі жолында азап шеккенжәне осы жерде әділетсіз азапталып, өлтірілген архипастарларға, пасторларға, монастырлар мен діндарларға» дұға бағышталды. Қазақстан жерінде жарқыраған жаңа шейіттер мен діни мойындаушыларға арнап ұлықтау әні айтылды.
Мақұмдарға арнап дұға оқу рәсіміне қатысқандар: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.А.Құранбек, қалалық дін істері басқармасының басшысы Б. Үнербаев, әкім орынбасарының жеке көмекшісі А.Күнту.
Мемориалдық крестке архипастарлар мен дін қызметкерлері гүл шоқтарын қойды.
Шымкенттің іргесіндегі әлемге атышулы Лися балка мыңдаған православиелік христиандардың өлім жазасына кесілген және соңғы ақтық демі таусылған орны болды. Олардың арасында ХХ-ғасырдың басындағы Орыс Православие дінінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов) болды. 1908 жылы қайтыс болғанға дейін Кронштадтық әулие Иоаннның өзінің жерлеу рәсімін Санкт-Петербор епархиясының сол кездегі викарийі епископ Кириллдің орындауын өтінген оқиғасы оның рухани ұлылығының куәсі болып табылады. Мұнда митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов), сансыз дін қызметкерлері, монахтар, монахинялар және қарапайым сенушілер атылды.
Митрополиттік округтің Басшысы Лися балкадағы Мәсіх үшін азап шегушілер шейіт болған жерде дұға етті
ТолығырақМитрополит Александр Шымкент қаласы әкімдігінің басшылығымен бірге Лися балкада мемориалдық шіркеу салу мәселесі бойынша жұмыс отырысын өткізді
ТолығырақИеміз Құдайдың Кейпінің Өзгеруі. Митрополиттік округ басшысы Оңтүстік астананың Вознесенский соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр