21 тамыз 2025 жыл. Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер соборы, Радонежский әулиесң Сергий шіркеуі, Қазақстан Митрополиттік округінің рухани/мәдени және ағартушылық орталығы бар шіркеулік сәулет кешенінің құрылыс алаңында болды.
Келгеннен кейін Жоғары Мәртебелі Радонежский әулиесң Сергий атына салынып жатқан шіркеудің қоңырау мұнарасы үшін қоңырауларды қасиетті ету рәсімін жасады.
Қасиетту ету рәсімде дұға еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі, Успен кафедралды соборының кілтшісі архимандрит Сергий (Карамышев), Константино-Еленинский соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), протоиерей Сергий Калиев, Митрополиттің Басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімі секторынның меңгерушісі С.М. Қуандықов.
Жарғылық дұғалар орындалғаннан кейін иерарх қоңырауларға қасиетті судан шашты. Шіркеу құрылысшылары мен қоңырауларды жасауға қаражат берген қайырымды жандарға көп жылдық ғұмыр тіленді. Митрополиттік округтің Басшысы қызметке қатысушыларға құрбандық крестімен батасын берді.
Тутаев қаласында (Ярославль облысы, Ресей) Андрей Дьячковтың қоңырау құю зауытында Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен 12 қоңыраудан тұратын жиынтық жасалды. Ең үлкен қоңыраудың салмағы 400 келі. Қоңыраулармен бірге шеберлер қоңыраулардың тілін қозғалысқа келтіретін «электрондық қоңырау» жүйесін орнатады. Бұл жүйе дәстүрлі шіркеу қоңырауларынан басқа, күні бойы әр сағат сайын әуезді қоңырауларды соғуға мүмкіндік береді.
Жоғары Мәртебелі Радонежский әулиесі Сергий құрметіне салынып жатқан шіркеу өміріндегі осы айтулы оқиғамен жиналғандарды жылы лебізімен құттықтап, одан кейін жұмыс отырысын өткізді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қасиетті Басшылықтың Қазақстанға сапары барысында Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл салынып жатқан ағартушылық ошағында болып, жаңадан салынған шіркеуге қасиетті ету рәсімін өткізеді деп күтілуде.
Православиелік рухани-ағарту орталығы Астанада Қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен және ел Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың тұлғасындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің келісімімен салынуда. Құрылыс қайырымды жандардың қаражатына жүргізілуде.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр