ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.08.2025, 23:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астанада салынып жатқан шіркеудің кресті пен күмбезіне қасиетті ету рәсімін жасады

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астанада салынып жатқан шіркеудің кресті пен күмбезіне қасиетті ету рәсімін жасады

28 тамыз 2025 жыл. Астана. Ең қасиетті Құдай Анасының Успения мерекесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер соборы, Радонеждегі Әулие Сергий шіркеуі және Қазақстан Митрополиті округінің рухани-мәдени және ағартушылық орталығын қамтитын шіркеу сәулет кешенінің құрылыс алаңында болды.

Жоғары  Мәртебелі Радонеждік Әулие Сергийдің атына салынып жатқан шіркеу үшін крест пен күмбезді қасиетті ету рәсімін орындады. 

Рәсімде дұға еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), епархия басқармасының қызметкерлері және шіркеу құрылысына жауапты мамандар.

Жарғылық дұғалар орындалғаннан кейін иерарх крест пен күмбезге қасиетті суды себеледі. Шіркеу құрылысшылары мен қоңырауларды жасауға қаражат бөлген қайырымды жандарға көп жылдық ғұмыр тіленді. Митрополиттік округ басшысы жиналғандарға тақтағы крестпен жарылқады.


Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға сапары барысында салынып жатқан ағпртушылық орталыққа келетін болады. Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы жаңадан құрылған шіркеуге қасиетті ету рәсімін орындайды.

Православиелік рухани-ағарту орталығы Астанада Қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен және ел Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаев тұлғасындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің келісімімен салынуда. Құрылыс қайырымды жандардың қаражатына жүргізілуде.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді