28 тамыз 2025 жылы, Қасиетті Құдай Анасының Успения мерекесінде Қостанай және Рудный епархиясының уақытша басқарушысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен, епархияның хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) епархия дінбасыларының қызмет етуімен Тобыл қаласындағы Құдай Анасының Қазан белгішесі құрметіне аталған шіркеуде Литургияны өткізді.
Т.Жебрактың жетекшілігімен Константино-Еленинский соборының хоры ән шырқады.
Литургия Құдай Анасының Успения мерекесін мадақтаумен аяқталды.
Ғибадат етуден соң Новоселовка ауылының маңында орналасқан 1937-38 жж. қуғын-сүргінге ұшырап, атылған дінбасылар, монахтар мен сенушілер жаппай жерленген жерге крестті шеру өтті.
Қасиетті шеруге қатысқандар: Қостанай епархиясының дін қызметкерлері және көптеген діндарлар.
Мәсіхтің сенімі үшін азап шегушілер жерленген жерге келгенде иеромонах Геннадий (Бурдюжа) саяси тұтқындар мен ХХ ғасырда қуғын-сүргінге ұшырағандарға бағыштап дұға оқыды.
Дұға оқылғаннан кейін хатшы әке жамағатқа уағызын айтып, сөз алды. «Мәсіхтің сенімі үшін жанын қиған діни қызметкерлердің, монахтардың және қарапайым адамдардың шейіт болғанын құрметтеу үшін біз осы мемориалдық алаңға жетінші рет дұға шеруін жасап отырмыз. Біз, бүгінде ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мәсіхшілер үшін бұл терең сенімнің үлгісі, оны елші Павелдің сөзімен айтқанда: «Сізге Құдай сөзін айтқан тәлімгерлеріңізді есте ұстаңыз және олардың өмірінің нәтижесін ескере отырып, олардың сеніміне еліктеңіз.» (Евр 13:7), — деп атап өтті иеромонах Геннадий.
Мәсіхтің сенімі үшін азап шеккендердің жерленген орнында дұға бағыштау өтті, одан кейін Затобольск ауылындағы Құдай Анасының Қазан ғибадатханасының басшысы иерей Андрей Крутин 1937-1938 жж. қуғын-сүргін тарихы туралы айтып, сенушілерге дұға еткен ерліктері үшін алғысын білдірді және олардың сенімі үшін азап шеккендерді еске алудың маңыздылығын атап өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр