8 қыркүйек 2025 жыл – Құдай Анасының Владимирский және Псково-Печерская «Елжіреу» белгішесінің құрметіне арналған мереке, шейіт болған Адриан мен Натальяны еске алу күні және Қазақстанның көктегі қорғаушысы Алматы митрополиті – дінлар Николайдың жәдігерлерінің ашылуын еске алу мерекесі.
2000 жылы осы күні Астана және Алматы архиепископы Алексийдің (қазіргі Тула және Ефремовский митрополиті) батасымен қала зиратынан әулие және діндар Николайдың (Могилевский) қасиетті жәдігерлері табылып, олар осы күні Алматының оңтүстігіндегі діндар Николай соборына көшірілді. Бұл ғибадатхана 1946 жылы митрополит Николайдың еңбегімен сенушілерге қайтарылды және қайта жанданды. Биылғы жылы Алматы әулиесінің қасиетті жәдігерлерінің ашылғанына 25 жыл толып отыр.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин Оңтүстік астанадағы Никольский соборында мерекелік Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Никольский шіркеуінің кілтшісі протоиерей Игорь Светличный, Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Гүлдала ауылындағы
Иоанно-Предтеченской шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Харлов,
Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин, Конаев қаласындағы Ксениевский приходының басшысы иеромонах Пимен (Ткаченко), Алматы семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский, Владимирская шіркеуінің кілтшісі иеромонах Сергий (Внуковский), Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, иерей Владимир Саввин, Ақжар ықшам ауданындағы Богородице-Рождественская шіркеуінің клиригі иерей Сергий Слесарчук; иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Александр Воронин, диакон Даниил Пасюк.
Литургиялық әндерді О.Соломонованың жетекшілігімен Никольский соборының хоры орындады.
Қызметте дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері және көптеген приходтар.
Литургия кезінде сенімді мойындаушы митрополит Иосифтің (Чернов), архимандрит Исаакийдің (Виноградов) – митрополит Николайдың (Могилевский) серігі және рухани ұлы, «құдайсыздардың қатты қуғын-сүргініне ұшырап, азапталып, өлтіріліп, аштықтан, суықтан, жаралардан, аурулардан және ауыр жұмыстан қайтыс болған» православиелік христиандарлың рухына арнап дұға етілді.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Иоанн Ливинский оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін, қасиетті діндар Николайды мадақтау оның құрметті жәдігерлері салынған кеме алдында өтті.
Қазақстанның көктегі қорғаушысының жәдігерлеріне тағзым ете отырып, билеуші Вениамин дін қызметкерлері мен сенушілерді Алматының әулиесі Николайдың жәдігерлерінің ашылу мерекесімен құттықтап, жиналғандарға тақуалық өмірі, Мәсіхтің есімін мойындау және ХХ ғасырдың апостолы еңбегі туралы уағызын айтты.
Қызметтің бейнежазбасын Қазақстан Митрополиті округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, оператор А. Шмидт); Элеос-благовест телестудиясының қызметкері И.Тихомиров жүргізді; фотоға түсірген– ақпарат бөлімінің қызметкері А.Щеглов.
Митрополит Николайдың (Могилевский) өмір жолы, сенімі үшін көрген азабы, иерархиялық қызметі туралы толығырақ Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың: «Оның тәубеге келуге жасаоған ерлігі бізге Құдайдың құдіретін жеңе алатын әлемде ешқандай күш жоқ екенін үйретеді» деген мақаласын оқу арқылы біле аласыз.
Митрополит Александр Қазақстан Президентінің ел халқына жыл сайынғы жолдауын жарялау отырысына қатысты
ТолығырақҚазақстанның көктегі қорғаушысы - Алматы митрополиті қасиетті діндар Николайдың жәдігерлерінің ашылғанына 25 жыл (+БЕЙНЕЖАЗБА)
ТолығырақЖексенбі күні митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр