ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.09.2025, 14:10

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қаскелең епископы Геннадийді II-дәрежелі Радонеждік әулие Сергий орденімен марапаттады

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қаскелең епископы Геннадийді II-дәрежелі Радонеждік әулие Сергий орденімен марапаттады

9 қыркүйек 2025 жылы Мәскеудегі Данилов монастыріндегі Патриархалды дәне Синодтық резиденцияда Мәскеу және Бүкіл Русьтің Әулие Патриархы Кириллдің  Ресейде осы күндері отырыс өтіп жатқан Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы диалог жөніндегі Комиссия мүшелерімен  кездесуі өтті.

Орыс Православие Шіркеуінің қатысушылары арасында болғандар: Комиссияның тең төрағасы Смоленск және Дорогобужск митрополиті Исидор; Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басшысы Қаскелең епископы Геннадий; Комиссия хатшысы, христианаралық байланыстар бойынша сыртқы шіркеулік байланыстар Бөлімінің хатшысы иеромонах Стефан (Игумнов); 

Зачатьевский ставропегиялық әйелдерге арналған монастырь басшысы, монастырлар және монастыризм жөніндегі Синодтық бөлімі төрағасының орынбасары, игумения Иулиания (Каледа); Мәскеу рухани академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Павел Лизгунов; Комиссия мүшесі, СШББ қызметкері С.Г.Альферов. 

Коптск Шіркеуінің жағынан келесілер қатысты: Комиссияның тең төрағасы, Лос-Анджелес митрополиті Серапион; Комиссия хатшысы, Лос-Анджелес Епархиясының викарийі, АҚШ-тағы Афанасий және Кирилл әулиелерінің Александрия Рухани семинариясының ректоры, епископ Кирилл; Ресейдегі Коптск Шіркеуінің өкілі иеромонах Дауд эль-Антони;  Патриархалдық кеңесші доктор Антон Милад; Коптск Патриархатының шіркеу жобаларын жүзеге асыру бөлімінің басшысы Барбара Солиман.

Қасиетті Патриарх Кирилл кездесуге қатысушыларды жылы лебізімен қарсы алып, оның мысырлық монастыризмінің негізін салушылардың бірі ұлы Пименді еске алу күнінде өтіп жатқанын еске салды.

Коптск делегациясының басшысы, Лос-Анджелес митрополиті Серапионға сөйлеген Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы одан Коптск Патриархы II Тавадросқа сәлемі мен бауырластық сүйіспеншілігін жеткізуін өтінді.

Қасиетті Патриарх Кирилл Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы екіжақты қарым-қатынасты «өте, өте тілектес, бауырлас және сенімді» деп сипаттама берді.

2025 жылы екі шіркеу арасында тұрақты диалог орнату үшін құрылған Комиссияның құрылғанына он жыл болады. Бұл туралы уағдаластыққа Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл мен Коптск Шіркеуінің Патриархы Қасиетті Тавадрос II 2014 жылғы 28 қазан мен 4 қараша аралығындағы Коптск Шіркеуі Басшысының Ресейге сапары барысында қол жеткізілді. 2015 жылғы 9-13 ақпанда Каирде диалогты дайындау бойынша бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті. 2015 жылғы 5 мамырда Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодымен Комиссияның құрамы бекітілді; сол жылдың шілдесінде осындай шешімді Коптск Шіркеуінің Синоды қабылдады.

Кездесуге қатысқан Комиссияның тең төрағалары мен мүшелерiне ынталы жұмысы үшiн алғыс айта отырып, Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кирилл оның екiжақты байланыстарды нығайтуға және өзара түсiнiстiктi нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өттi.

Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы диалогты дамыту аясында өтетін Комиссия қызметі аясында ұйымдастырылған жыл сайынғы орыс және коптсктік монастырлерінің өзара сапарларының маңыздылығы атап өтілді.

Мәскеу Патриархатының өкілдерін коптстік монастырлері тұрғындарының монастырлік тәжірибесімен және тақуалық өмірімен таныстырудың маңыздылығын атап өтіп, Жоғары Мәртебелі: «Бұл айғақтар православиелік адамдардың жүрегін сіздің шіркеуіңізге, оның руханилығына, оның тарихи тәжірибесіне және Коптск Шіркеуі бастан кешкен қайғы-қасіретке бойлатады», - деді.

Қасиетті Билеуші сондай-ақ Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуінің өзара әрекеттесуінің бір бөлігі болып табылатын теологиялық диалогтың маңыздылығын атап өтті. «Біз бұл диалогтың нәтижелеріне өте оң көзқараспен қараймыз және бұл біздің Шіркеулеріміздің теологиялық тұрғыдан жақындасуына және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз», - деді Патриарх Кирилл.

Өз кезегінде Лос-Анджелес митрополиті Серапион Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллге Коптск Шіркеуі Басшысының сәлемі мен игі тілектерін жеткізіп, Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысына хатын табыс етті.

Сондай-ақ ол Қасиетті Билеушінің уақыты келгенде Мысырға келетініне сенім білдірді.

Әңгімені жалғастыра отырып, ол осыдан он жыл бұрын құрылған Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы диалог жөніндегі комиссия жұмысының маңыздылығына тоқталып, Мәскеу Патриархатының тең төрағасы мен қатысушыларының жалпы жұмысына қосқан зор үлесін ризашылықпен атап өтті.

Кездесу соңында Қасиетті Патриарх Кирилл Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы диалог жөніндегі Комиссияның бірқатар мүшелеріне марапаттар табыс етті.

Екі Шіркеу арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Қаскелең епископы Геннадий II-дәрежелі Радонеждік әулие Сергий орденімен марапатталды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр телефон арқылы сөйлескен епископ Геннадийді шіркеудің жоғары наградасын алуымен құттықтап, оған зор денсаулық пен Иеміз Құдайдың мейіріміне бөленуін тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді