27 қыркүйек 2025 жыл – Иеміз Құдайдың Қасиетті және Өмір Беретін Крестінің Дүниежүзілік Көтерілуінің он екінші мерекесі.
Өмір Беретін Крестті Еөтеру мерекесі Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өміріндегі ерекше күн болып табылады – осыдан 36 жыл бұрын Мәскеудегі Елоховский Богоявленский кафедралды соборында билеуші Александрдың епископтық тағайындау рәсімі өтті. Қасиетті Патриарх Пименнің батасымен оны Ростовский және Новочеркасский митрополиті Владимир (кейінірек Украина Православие Шіркеуінің Басшысы) басқарды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына келесілер қызмет етті: Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Алматы приходтарының құрметті өкілі және Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Алматы қаласындағы Құдай-Ананың «Қайғырғандарға Қуаныш» иконасы белгішесінің құрметіне арналған шіркеудің бамшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алматы епархиясының рухани әкесі архимандрит Иоанн (Сазонов), Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі және Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Вознесенский кафедралды соборының кілтшісінің орынбасары иерей Андрей Шкляр; және Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк.
Шіркеудің ортасындағы мінберде бір күн бұрын әкелінген Кресті - Жаратқан Иенің Крестінің Өмір Беретін ағашының бөлшектерімен бірге Иерусалим Патриархы Диодордың мәңгі есте қалатын сыйы болып табылады.
Әндерді Митрополит округінің хоры (регенті – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер – В. Дударева) және Вознеский соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.
Литургиялық Жарғыға сәйкес, Трисвятой әнінің орнына Литургияда келесі стихира шырқалды: «Біз Сенің Крестіңе тағзым етеміз, Уа, Ұстаз, және біз Сенің қасиетті Қайта тірілуіңді мадақтаймыз».
Қызмет барысында ерекше еске алынғандар: Әулие Патриарх Пимен және митрополит Александрды архиерейлік тағайындау рәсімінің қайтыс болған қатысушылары - Ұлы Митрополит Владимир (Сабодан), Митрополит Хрисанф (Чепиль) және Митрополит Исидор (Кириченко); рухани тәлімгер – архиепископ Мелитон (Соловьев); Қазақстандық мәңгі есте қалатын иерархтары — митрополит Иосиф (Чернов) пен архиепископ Софоний (Сокольский) және Қазақстанда Православие дінін орнатуға еңбек еткендердің барлығы.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Литургия Иеміз Құдайдың Крестінің алдында мадақтаумен аяқталды - діни қызметкерлер, хор және жиналған халық мерекенің тропарионын, кондак және ұлықтауын, сондай-ақ «Крестің алдында бас иеміз, уа, Ұстаз...» стихирасын шырқады.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы және ең құрметті архипастырларына; ел Президентіне Қ.-Ж.К. Тоқаевқа; билікке, әскерилерге, бүкіл Қазақстан халқына ұзақ ғұмырлы өмір тіленді.
Епископ Геннадий Алматы епархиясының клириктері мен қауымы атынан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына архипасторлық тағайындалуының мерейтойымен құттықтау сөз сөйледі.
Митрополит Александр ізгі тілектері үшін алғысын білдіріп, шіркеуге жиналғандардан Мәсіхтің шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың рақымды көмегі үшін жалынды дұға етуді сұрады, содан кейін ол дін қауымы мен сенушілерді Кресттің Көтерілу мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.
Қызметтің бейнежазбасын «Семиречье» православиелік телестудиясы түсірді (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В. Посаднева, операторы А. Шмидт); фотосуреттерді түсірген А.Щеглов.
«Екі мың жыл бұрын Крестте Иеміз Иса Мәсіх өз еркімен біздің құтқарылуымыз үшін қатыгез және көр көргісіз азаптарға төтеп берді және «өлімді өліммен таптады». Құтқарушының қанымен боялған, Оның азаптары арқылы қасиетті болған Крест Құдайдың адамзатқа деген сүйіспеншілігінің құрбандық үстеліне және күнә, қарғыс және өлімді жеңетін мәңгілік жеңістің белгісі болды. Шіркеудің ұлы ұстазы Әулие Иоанн Златоуст Крест Ағашытуралы былай дейді: «Крест – бұл мереке және рухани жеңіс. Ол біз үшін сансыз игіліктердің себебі болды: ол бізді адасушылықтан босатты, қараңғыда отырғандарды нұрландырды және бізді Құдаймен татуластырды». Мейірімді Құдай Иеміз Крест арқылы адамдарға көптеген тән және жан аурулардан айығуды және құмарлықтардан, күнәкар тәуелді болудан, жаман нәрселерден арылтады. Қасиетті Кресттің рақымы соншалық, ол ауруларды емдеп қана қоймайды, сонымен қатар шіркеу тарихы куәландыратындай, өлгендерді қайта тірілтеді. Біз қандай ойлармен, қандай ішкі мінез-құлықпен Крестке жақындап, Өмір сыйлайтын Ағашты қастерлеуіміз керек? Біз Крестті жамандықпен немесе басқалар туралы жаман ойлармен қастерлеуге болмайды. Бүкіл ғаламның осы ең қасиетті нысанына жақындай отырып, Жаратқан Иеден зұлымдық жасамауға және жүрегімізден реніш пен дұшпандықты өшіруге күш беруін сұрау маңызды. Сонда ғана Құдайдың рақымы, Мәсіхтің сүйіспеншілігі біздің жүрегімізге енеді. Әрқайсымыз Мәсіхтің Крестінің алдында дұға ете отырып, шыдамдылық пен кешірімділікте, сүйіспеншілік пен мейірімділікте Иеміз Иса Мәсіхтің үлгісін ұстануымыз маңызды. Біз айқышқа шегеленгендерге дұға еткен Иемізге еліктеуіміз керек: «Әке, оларды кешіре гөр, өйткені олар не істеп жатқанын білмейді» (Лк 23:34), христиан өзінің барлық дұшпандары мен жауларын шын жүректен кешіреді. Өмір Беретін Ағашты сүйіп, Жаратушы Иемізге бізді Асыл және Өмір Беретін Кресттің күшімен қорғауын, әлсіз күштерімізді нығайтуды және біздің өмірлік айқышты абыроймен және әділдікпен көтеру үшін біздің ақыл-ойымыз бен сезімімізді кеңейтуі ету үшін дұға етейік». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр