ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
29.09.2025, 16:00

Митрополит Александр «Софрино» өнер-өндірістік кәсіпорнында болды

Митрополит Александр  «Софрино» өнер-өндірістік кәсіпорнында болды

29 қыркүйек 2025 жыл. Софрино, Мәскеу облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Софрино» өнер-өндірістік компаниясына барды.

Митрополиттік округ басшысымен бірге  барғандар: Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің (ФМБА) Ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу оториноларингология орталығының директоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Н.А.Дайхес.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын «Софрино»  бас директорының м.а. В.А. Левин және зауыт қызметкерлер қарсы алды.

Келе сала Жоғары Мәртебелі өзінің батасымен кәсіпорын 1980 жылы ашылған Қасиетті Патриарх Пименнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Марқұмғв «Мәңгілік естелік» әні айтылды.

Содан кейін иерарх пен оның қасындағылар «Софрино»  астық өңдеу кәсіпорнында әулие Серафим Саровскийге арналған үй шіркеуіне барып, шіркеудің жәдігерлеріне тағзым етті. Бұдан кейін иерарх кәсіпорынның мұражай экспонаттарымен танысып, қонақтар кітабына жазба қалдырды.

В.А. Левин епископқа кәсіпорнының көптеген өндірістік нысандарын аралатып, мекеменің жұмысын түсіндірді. Метрополиттік округінің басшысы  «Софрино»  басшылығымен өндірістің әртүрлі аспектілерін талқылап, өндіріс процестерімен толықтай танысты.

Экскурсия барысында иерарх концерн қызметкерлерімен сөйлесіп, басшылық пен жұмысшылардың жұмысына Құдайдан батасын берді.

Ол Владимир Анатольевичті және компания қызметкерлерін кәсіпорын жұмысының 45 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

«Софрино» кәсіпорны Орыс Православие Шіркеуінің қайта жаңғыруының таңында мәңгі есте қалатын Әулие Патриарх Пименнің батасымен құрылған және қазіргі уақытта Мәскеу Патриархатының Ресей шекарасынан тысқары жерлерге танымал ең ірі өндірістік концерні болып табылады. Софриндік қолөнершілерінің сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасалған бұйымдары Қазақстан Митрополитінің шіркеулері мен монастырлерін безендіреді. Басшылық пен қызметкерлердің үйлестірілген күш-жігерінің арқасында мекеме ежелгі шіркеу өнерінің үздік дәстүрлері бойынша өндіріс орнын құрды, онда канондарды ұстану заманауи технологияларды қолданумен көркем  түрде үйлеседі», - деді архипастор.

Кездесу қорытындысы бойынша митрополит Александр мен зауыт бас директорының м.а. естелік сыйлықтармен алмасып, игі істері мен істеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді