24 қыркүйек 2025 жыл. Қостанай. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен епископ Тимон (Русанов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Қостанай және Рудный епархиясының епархиялық кеңесінің отырысы өтті.
Жиналысты Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) жүргізді.
Жұмыс отырысына өатысқандар: Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі иерей Андрей Крутин; Сарыкөл шіркеу округінің құрметті өкілі потоиерей Виталий Клеба; Лисаковский шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Олег Калмыков, Рудный қаласының Иоанно-Богословский кафедралды соборының кілтшісі игумен Максим (Бойков); Арқалық қаласындағы Қасиетті Троица шіркеуінің басшысы игумен Севастиан (Овсиенко), және Федоровка ауылындағы Никольский шіркеуінің басшысы протоиерей Алексий Мостовщиков.
Епархия кеңесінің отырысы алдында кез келген жұмысты бастамас бұрын Киелі Рух көмегін шақыру үшін дұға жасалды.
Отырыс алдында иеромонах Геннадий епархия тынысының өзекті мәселелерін қамтитын алдағы отырыстың күн тәртібін жариялады.
Жиналыс барысында 9-13 қазан аралығында Қостанай және Рудный епархиясының құрылғанына 15 жыл толуын мерекелеу аясында өтетін епархияның уақытша әкімшісі, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың алдағы архипасторлық сапары талқыланды.
Кеңес мүшелері приходтардағы рухани-ағарту жұмыстарын жетілдіру жөнінде пікір алмасып, епархия бөлімдерінің ағымдағы қызметі де сараланды.
Отырыс соңында Қостанай епархиясының хатшысы протоиерей Алексий Мостовщикке Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі үшін сіңірген еңбегі үшін, туғанына 45 жыл толуына орай Алматы және Қазақстан митрополиті діндар Николай медалін табыс етті.
Отырыс соңында иеромонах Геннадий епархия кеңесінің мүшелеріне, епархия бөлімдерінің басшыларына, құрметті өкілдерге, шіркеу басшыларына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр