30 қыркүйек 2025 жылы – Иеміз Қүдайдың қасиетті Крестінің Ккөтерілу мерекесінен кейінгі мереке, Алматы мен Жетісу қалаларының көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны еске алу күні.
17 қыркүйекте (жаңа стиль боцаншы 30-ы) 1854 жылы, қасиетті шейіттер күнінде Іле бекіністері салтанатты түрде қасиетті етіліп, шейіт Вераның құрметіне Верный қаласы деп аталды. Осы уақытта Батыс Сібірден келген қоныстанушылар Іле Алатауының етегінде құрылған алғашқы казак ауылдары Жетісудың көктегі қорғаушыларынык есімдерімен - Надеждинская (Есік), Софийская (Талғар), Любавинская (Қаскелең) деп аталды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София күні тақ мереке болып табылатын
Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский монастырінің Әулие София соборында мерекелік Құдайлық Литургияны Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборының клириктері протоиерей Александр Соколов, иеромонах Роман (Чистяков) және иерей Александр Алферов; Бәйтерек ауылындағы Алексеевский шіркеуінің клириктері иеромонах Алексий (Самосенков), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, Алматы рухани семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, иеромонах Мелетий (Чернов), митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Богдан Бойко, диакон Андрей Плахута, диакон Роман Караман, диакон Илия Воробьев.
Собордың орталығындағы мінберде, Мәсіхтің Өмір беретін Крестінің жанында шейіттер Вера, Надежда, Любовь және Софияның жәдігерлері бар белгіше орналастырылды.
Қызметте дұға еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастыр апаларымен, «Жетісу казактары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының»
ЗТБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі В.С. Шихотов; Алматы епархия басқармасының қызметкерлері, Вознесенский соборындағы «Цевница» православиелік ән мектебінің балалар хорының тәрбиеленушілері (жетекшісі – Н.О. Головина), Оңтүстік астанадағы шіркеулердің приходтары.
О.Усолцеваның жетекшілігімен монастырдің София соборының хоры ән шырқады.
Мкрқұмдарға дұға бағыштау кезінде Иверско-Серафимовский монастырінің марқұм басшыларының есімі аталды: монахиня Паисия (Крючкова), игумения Нектария (Димитриева) және игумения Ефросиния (Бакуревич).
Қызмет асыл және өмір беретін Крестке тағзым етумен және қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны ұлықтаумен аяқталды.
Литургиядан кейін епископ Геннадий тағылымды сөзін айтты.
Шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны еске алу мерекесі күні Иверско-Серафимовский монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) өзінің көктегі қорғаушысы күнін атап өтеді. Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы игумения ананы құттықтап, оған қасиетті просфора мен гүл шоғын тарту етті.
Қызметтен кейін Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборының «Цевница» православиелік-ән мектебінің тәрбиеленушілері игумения Любовьті ерекше рухани мерекелерімен құттықтап, оған Христос Шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың көмегін тіледі.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр телефон арқылы сөйлескен кезде монастырдің басшысын періште күнімен және монастырдің тақ мерекесімен құттықтап, оған жан және тән саулығын, монастырлік жұмысында Құдайдан көмек және шіркеуге мойынсұнуды алып жүруді тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр