9 қазан 2025 жыл – Қасиетті апостол және евангелист Иоанн Богословтың тыныққан күні және Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Әулие Тихонды еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінде Мәскеудің киелі Матрона шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі және Никольский соборының басшысы
протоиерей Валерий Захаров; Оралдағы Михаило-Архангельский кафедралды соборының басшысы архимандрит Феодосий (Курьянов); Алматы семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский, Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, Алматы рухани семинариясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, рухани мектеп канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов,диакон Богдан Бойко, диакон Роман Караман, диакон Илия Воробьев.
Қызметте дұға еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы инумения Любовь (Якушкина) монастырь апаларымен, Алматы епархиясы әкімшілігінің қызметкерлері, оқытушылар құрамы және Алматы рухани семинариясының білім алушылары.
О.Усолцеваның жетекшілігімен Иверско-Серафимовский монастырінің Әулие София соборының хоры ән шырқады.
Қасиетті өлеңнен кейін Діни иерей Иоанн Ливинский қауым алдында уағызын айтты.
Литургия евангелист Иоанн Богослов пен Бүкілресейлік Патриархы Әулие Тихонды мадақтаумен аяқталды.
Қызмет соңында митрополит Александр дін қызметкерлері мен діндарларды ардақты әулиелерді еске алу күнімен құттықтап, жиналғандарға ғибратты сөзін сөйледі.
Апостол және евангелист Иоанн Богословты еске алу күні Митрополиттік округ Басшысы Алматыдағы Матронинский шіркеуінде Литургияны өткізді
ТолығырақМитрополит Александр Алматыдағы Никольский соборында Радонеждік қасиетті Сергийді еске алу күні Литургияны өткізді
Толығырақ«Олардың жойылып кетуіне жол берме!» қашықтықтан сурет салу бойынша байқаудың қорытындысы шықты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр