ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.10.2025, 14:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай епархиясына сапары басталды

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай епархиясына сапары басталды

9 қазан 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александр архипасторлық сапармен Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 15 жыл толуын атап өтіп жатқан Қостанай епархиясына келді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын сапарда алып жүргендер: Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), хаттама қызметінің басшысы протодиакон  Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодеакон Александр Мокий, диакон Георгий Ткаченко.

Әуежайда архипасторды Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Б.С. Бөкеев қарсы алды.

Сенушілердің дұға етіп тағзым етуі үшін және рухани қолдау көрсету үшін билеуші митрополит Қостанай епархиясына Православиенің ұлы қасиеттісі – ұлы шейіт пен емші Пантелеймонның жәдігерлерінің бір бөлігі сақталған кемені алдырды.

Митрополиттік округ Басшысы келгеннен кейін Бүркіт Серікұлымен болған әңгімеде иерарх Қазақстан Православие шіркеуінің тыныс-тіршілігіне туралы және әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысқан және Астанадағы Қазақстанның жаңа шейіттері мен конфессияшыларына Астана қаласындағы Успен кафедралды соборында  дұға жасаған Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Республикаға сапары туралы айтып берді.

Тараптар Қостанай епархиясы мен Қостанай облысы дін істері басқармасы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, бұл тараптардың пікірінше, қоғамдағы ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

10 қазанда архипастор епархия дінбасыларының сүйемелдеуімен Тобыл қаласындағы Қазан соборында Құдайлық Литургияны өткізеді (басталуы сағат 8:30-да).

11 қазанда епископ Рудный қаласындағы Иоанно-Богословский соборында (басталуы сағат 8:30-да) Литургияны жүргізеді.

12 қазанда, Елуінші күн мейрамынан кейінгі 18-ші аптада Митрополиттік округтің Басшысы Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский соборында Құдайдың Литургиясын өткізеді (басталуы 8:30).

Сондай-ақ архипасторлық сапар бағдарламасына мыналар кіреді: Қостанай облысы Асенкритовка ауылындағы Покровский шіркеуінің кішігірім қасиетті ету рәсімі; және «Қостанай епархиясы. Жаңа тарих»фотокөрменің тұсаукесері; епархия қызметі бойынша жұмыс кездесулері; дін қызметкерлерімен әңгіме құру, аймақтық зайырлы билік органдарымен және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер; шіркеулерге бару.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді