11 қазан 2025 жыл. Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы. Қостанай епархиясының құрылғанына 15 жыл толуын мерекелеу аясында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Асенкритовка ауылындағы Покрова Пресвятой Богородицы шіркеуінің кішігірім қасиетті ету рәсімін жасады.
Қасиетті ету рәсімінде дұға еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Лисаковск шіркеуі округінің құрметті өкілі, Покровский шіркеуінің басшысы протоиерей Олег Калмыков, Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовитский), Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі және Тобылдағы Қазан ғибадатханасының басшысы иерей Андрей Крутин; Қостанай епархиясының клириктері және Покровская шіркеуінің приходтары.
Қасиетті еиу рәсіміне қатысқандар: Рудный қаласының әкімі В.Н. Ионенко және шіркеу қайырымдылары.
Митрополит Александр дін қызметкерлері мен приходтарды Асенкритовка ауылының және бүкіл Қостанай епархиясының рухани өміріндегі осынау айтулы оқиға — жаңадан салынған шіркеуді қасиетті етумен құттықтады, содан соң ол дұға, құрбандық немесе жеке қатысу арқылы Покрова Пресвятой Богородица шіркеуін салуға көмектескендердің барлығына шын жүректен алғысын білдірді.
Шіркеуді салу мен көріктендірудегі еңбектерін бағалап, архипастор жанашырларды Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградаларымен марапаттады.
Митрополит Покровский шіркеуіне сыйлық ретінде қасиетті белгішелерді: «Мәсіх – Ұлы Архиерей» және Аспан патшайымының Феодоровский белгішесін ұсынды.
«Біз рухани маңызды оқиғаның қатысушылары болдық - бүгін біздің ең қасиетті Құдай Анамыздың құрметіне салынған шіркеудің кішігірім қасиетті етілуі оның Константинопольдегі Влахернский шіркеуіндегі ғажайып көрінісін еске алу үшін өтті, соның арқасында Византия астанасы ауыр жаудан босатылды. Христос Шіркеуінің өмірінде, елдер мен халықтардың тарихи тағдырларында, Құдайдың қасиетті әулиелерінің өмірінде және әрбір сенушілердің өмірінде ең қасиетті Құдай Анасының құтқарушы күшін көруге болады. Барлық адамдардың арасынан таңдалған ол Құтқарушының Анасы болды және мәңгілік бүкіл ғалам үшін Құдайдың сыйларының қайнар көзіне айналды. Біз бұл күнді көп жылдар бойы күттік, ақырында, жаңадан салынған шіркеудің қабырғасында мұнда толыққанды ғибадат етудің басталуын білдіретін арнайы дұға өтті. Апостол Павел Мәсіхке сенушілерге былай дейді: «Бұл сіздердің қасиетті ету рәсімін өткізулеріңіз Құдайдың еркі» (1. Фес.4:3) және адам табиғатының рухани өзгеруі мен тазаруы шіркеуде жүзеге асады. Мұнда адам өмірінің әрбір сәті қасиетті рәсімдер мен қасиетті құпиялар арқылы Құдайдың рақымына толады. Әділ протоиерей Иоанн Кронштадтский ғибадатхананың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғай келе: «Ғибадатхана – жердегі аспан» деп жазды. Забур жыршысы Давидтәі айтуы бойынша, өмірдің ең жақсы сәттері және сонымен бірге жан үшін ең қажеттісі - Құдаймен Оның ғибадатханасында кездесуі: «Бұғы суды іздегендей, менің де жаным Саған асығады, уа, Құдай! Менің жаным тірі Құдайды аңсайды: мен қашан келіп, Құдайдың алдына шығамын?» (Пс. 41:2-3). Әрқашан осы жерде, мерекелер мен жай күндері - біздің қуаныш пен қайғымызды, дұғаларымызды және мақтауларымызды Жаратқан Ие тағының табанына жеткізу үшін Аспан Патшайымын қорғауға арналған
Құдайдың осы үйіне ұмтылайық», – деду, атап айтқанда, митрополит Александр қасиетті рәсімде.
Қызметке қатысушылардың барлығына митрополиттің батасымен бірге Мәскеудің киклі Матронасының белгішелері сыйға берілді.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр