12 қазан 2025 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 18-ші апта, Рига және Латвия архиепископы, және Шанхай және Сан-Франциско архиепископы қасиетті Иоаннды (Максимович) еске алу күні және жәдігерлерән ашу күні.
Қостанай епархиясының бас кафедралды қаласы - Қостанайда - епархияның құрылғанына 15 жыл толуына орай рухани мерекелер өтті.
Қостанайдағы Константино-Еленинский соборында жексенбілік Құдайлық Литургияны Астана және Қазақстан митрополиті Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Александр өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Василий Королев, епархияның бас шіркеуінің клиригі игумен Иннокентий (Помоголов), Лисаковский округінің құрметті өкілі, Лисаковск қаласындағы Иоанн Кронштадт шіркеуінің басшысы протоиерей Олег Калмыков;Қостанай епархиясының діндары протоиерей Андрей Корчажников; Рудный қаласындағы Иоанно-Богословский кафедралды соборының кілтшісі, Константино-Еленинский шіркеуінің клиригі, Сарыкөл шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Виталий Клеба, Қостанай қаласындағы Никольский шіркеуінің кәлтшісі протоиерей Виталий Гуцан, митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Петропавлдағы Мефодий шіркеуінің басшысы иерей Михаил Березин, Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі, Тобыл қаласындағы Құдай Анасының Қазан шіркеуінің басшысы иерей Андрей Крутин, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, диакон Елиазар Айтбакин,диакон Георгий Ткаченко.
Т.Жебрактың жетекшілігімен Қостанайдағы Константино-Еленинский соборының хоры ән шырқады.
Қызметтк дұға еткендер: Иверско-Петропавл әйелдер монастырінің басшысы игумения Ника (Отрощенко) монастырь апаларымен, Қостанайдағы жексенбілік мектептердің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері және көптеген приходтар.
Евхаристикалық каноннан кейін митрополит Александр иподиакона Тарасий Такеновке дикондық тағайындау рәсімін орындады.
Қасиетті өлеңінен кейін протоиерей Виталий Клеба Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының Қостанай епархиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай жолдауын оқып берді.
Литургия соңында ұлы шейіт Пантелеимонды оның жәдігерлерінің бір бөлігі бар кеме алдында дәріптеу өтті.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен епископтарына, келген архипастырларға; Президентке, билікке, әскерилерге, бүкіл Қазақстан халқына көп жылдық ғұмыр тіленді.
Митрополит Александр қызметке қатысушыларды Қостанай епархиясының құрылғанына 15 жыл толуымен және православие халқы ерекше қастерлейтін ұлы шейіт Пантелеимонның жәдігерлерінің Солтүстік Қазақстанға көшірілуімен құттықтап, одан кейін жиналған қауымға ғибратты сөзін арнады.
«Бүгін біз айтулы күн – Қазақстан Православие Шіркеуінің Қостанай және Рудный Епархиясының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтудеміз. Он бес жыл – тарихта аз уақыт болса да, Қостанай облысындағы православие діні үшін бұл жылдар шіркеу қызметінің әртүрлі салаларының қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңі болды. Құдайдың көмегімен, архипастырлардың, діни қызметкерлердің, монастырдегілердің және діндарлардың бірлескен күш-жігерімен ежелгі қасиетті орындар қалпына келтірілді және қалпына келтірілуде, жаңа приходтар ашылды, балалар мен ересектерге арналған жексенбілік мектептер жұмыс істей бастады, ағартушылық және қайырымдылық жобалары жүзеге асырыла бастады. Құдайсыз қуғын-сүргін жылдарында қираған Иверско-Петропавловская әйелдер монастырі қалпына келтірілді, енді осы тарихи жерде кішіпейіл монастырлық дұғаның шамы қайта жағылды. Епархия өмірінің дамуындағы маңызды қадам Қостанайда сенімді мойындаушы және тақуалық епископ Тимонның (Русанов) есімімен аталатын рухани-мәдени және әкімшілік орталықтың салынуы болды. Қостанай епархиясында 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың барлығы – біздің Иеміздің мына шақыруына кішіпейіл жауабымыз болмақ: «Бүкіл әлемге барып, Ізгі хабарды уағыздаңдар» (Мк. 16:15). Құтқару сенімі, елші Павелдің айтуынша, Құдай сөзін тыңдау арқылы адамдардың жүрегіне қонады (Рим. 10:17). Бүгін біз православиелік христиандар, әсіресе Иеміздің құрбандық үстелінде қызмет ететіндер жақын және алыс адамдарға айқышқа шегеленген және қайта тірілген Мәсіхте ғана шынайы өмірге және мол өмірге ие болатынын шаршамай куәландыруымыз керек (Ин. 10:10). Бізде қазір бұл үшін мүмкіндіктеріміз аз емес, бастысы, осы қымбат уақытты босқа өткізбеу немесе жалқаулық пен бейқамдық рухына берілмеу. Аспан Патшайымының шапағаты мен Қазақстанның жаңа шейіттері мен мойындаушылардың дұғалары арқылы Қостанай епархиясы нығайып, дамып, игі істерімізді көріп, Көктегі Әкемізді дәріптейтіндей адамдар алдында нұрымыз жарқырай берсін (Мф. 5:16). Митрополит Александрдың уағызынан.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр