ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.10.2025, 11:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Владимировка ауылында салынып жатқан Никольский шіркеуінің кресті мен күмбезін қасиетті етті

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Владимировка ауылында салынып жатқан Никольский шіркеуінің кресті мен күмбезін қасиетті етті

12 қазан 2025 жыл. Қостанай ауданы, Қостанай облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Владимировка ауылындағы ғажайып жасаушы Николай атына салынып жатқан шіркеуге барды.

Биыл елді мекеннің құрылғанына 140 жыл толып отыр. Ауыл туралы мұрағат құжаттарында алғаш рет 1885 жылы аталған.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы салынып жатқан Никольский шіркеуінің күмбезі мен крестіне қасиетті ету рәсімін жасады.

Қызметте дұға еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі, Тобыл қаласындағы Құдай Ананың Қазан иконасы шіркеуінің басшыс иерей Андрей Крутин; Митрополит округінің басшысын сапарда алып жүрген дін қызметкерлері; Қостанай епархиясының дін қызметкерлері, Владимировка ауылының және жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары.

Қасиетті ету рәсіміне қатысқандар: Владимировка ауылдық округінің әкімі А.К. Жүнісова; Никольский шіркеуінің негізін салушы Г.Н. Убей-Волк; және шіркеу құрылысына жауапты мамандар.

Белгіленген дұғаларды оқығаннан кейін, митрополит крестке қасиетті суды септі.

Никольский шіркеуінің приход қауымына бата ретінде архипастор қасиетті иконалар — «Христос - Ұлы Архиерей» және Аспан патшайымының Феодоровский белгішесін сыйға тартты.

Барлық қатысушыларға Мәскеудегі Покровский монастырінде әулиенің жәдігерлері бойынша Митрополит Александр қасиетті еткен Мәскеудің киелі Матронасының белгішелерін сыйға берді.

Владимировка ауылындағы Никольский шіркеуінің құрылысы 2025 жылдың 1 маусымында басталды.Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) крест пен болашақта салынбақшы шіркеудің ірге тасын қасиетті етті. Негізінде бұл оқиға атеистік қуғын-сүргін жылдарында қираған киелі мекеннің қайта жандануын білдірді. Мұнда 1899 жылы ғажайып жасаушы Николайға арналған алғашқы шіркеу салынды және 1900 жылы 1 маусымда қасиетті етілді. Кеңес үкіметі кезінде шіркеу жойылды. Жаңа шіркеудің іргетасы бұрынғы ескі шіркеу тұрған жерде қаланды. Жаңа Никольский шіркеуі филантроптардың қаражаты мен сенушілердің ерікті қайырымдылықтары есебінен салынуда.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді