ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
20.10.2025, 19:00

Маловодное кентіндегі жаңадан салынған Құдай Анасының Рождество құрметіне арналған шіркеуіне кресттер орнатылды

Маловодное кентіндегі жаңадан салынған Құдай Анасының Рождество құрметіне арналған шіркеуіне кресттер орнатылды

20 қазан 2025 жыл. Алматы облысы, Маловодное (Бәйдібек би) ауылы. 

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен ең қасиетті қ

Құдай Анасының  Рождествосы құрметіне жаңадан салынған шіркеуге кресттер орнатылды.

Күмбезді кресттерді қасиетті ету рәсімін Талдықорған епископы Клаудиан, Астана епархиясының викариясы орындады.

Қасиетті ету  рәсімінде дұға еткендер: Құдай Анасының Рождествосы құрметіне арналған  шіркеу басшысы протоиерей Николай Ткаченко, Алматыдағы Вознеский кафедралды соборының кілтшісінің көмекшісі иерей Андрей Шкляр, Митрополиттік округтің әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Есік және Талғар құрметті өкілдіктерінің дін қызметкерлері.

Бұл рухани маңызды оқиғаның қатысушысы шіркеу құрылысының кураторы және ұйымдастырушысы «Eleos-Meirim»  қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун болды.

Белгіленген дұғаларды оқығаннан кейін архипастор кресттерге қасиетті суды шашты. Тропарь  мен стихиралардың орындалуымен , оларды орталық күмбез бен қоңырау мұнарасының басына орнатты.

Епископ Клавдиан жиналғандарға Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының батасын жеткізіп, дін қызметкерлері мен діндарларды құрметті өкілдік өміріндегі осынау рухани маңызды оқиғамен құттықтап, Құдай Анасының Рождествосы құрметіне арналған шіркеуінің жанашырлары мен негізін салушыларына алғысын білдірді.

Шіркеу күмбездеріндегі кресттерді қасиетті ету  мен көтеру рәсімінің куәгерлері Маловодное ауылының және оған жақын орналасқан ауылдардың православие тұрғындары болды.

Қазіргі уақытта шіркеудің интерьерін көріктендіру жұмысы жалғасуда және оның салтанатты рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мәскеуде жұмыс сапарымен жүрген митрополит Александр телефон арқылы сөйлескен кезде епископ Клавдиан, протоиерей Николай Ткаченконы, дін қызметкерлері мен шіркеу қызметкерлерін шіркеу құрылысының аяқталуын білдіретін күмбезді кресттердің қасиетті етілу рәсімімен құттықтады. «Мен бпсшы, әкеге, ктиторларға және «Eleos-Meirim» қорының президенті В.М.Капсамунға –«сенім ісі мен сүйіспеншілік еңбегін» (1Фес. 1:2) құлшыныспен көрсетіп, туған өлкенің рухани жаңғыруына үлес қосып жүрген Маловодное ауылының шіркеу өміріне белсене қатысатындардың бәріне алғысымды айтқым келеді. Біздің Құтқарушымыздың анасы - Қасиетті Құдай Анасының дүниеге келуіне арналған жаңа шіркеу біздің туған жеріміздің шынайы сәні және Құдайдың құдіреті мен ұлылығының, Аспан Патшайымының аналық қорғауының көзге көрінетін айғағы болсын. Сонымен бірге бұл шіркеу ХХ ғасырдағы дінбасылары мен сенушілердің құдайсыздыққа қарсы Мәсіхті батыл мойындаған ерлігінің ескерткіші болады. Барлығына бейбітшілік пен амандық тілеймін. Мейірімділік пен сүйіспеншілік танытыңыз және апостолдық сөздерге сәйкес, «Құдайдан сізге берілген Киелі Рухтың ғибадатханасын» салуға тырысыңыз (1 Кор. 6:19) », - деді, атап айтқанда, билеуші митрополит. Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуын мерекелеу аясында Қасиетті Құдай Анасының Рождествосы құрметіне арналған шіркеудің ірге тасы мен крестін қасиетті ету  рәсімі 2023 жылы 30 мамырда өтті. Шіркеу Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) қолдауымен, қайырымды жандардың қаражаты мен сенушілердің ерікті қайырымдылықтары есебінен салынуда.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді