28 қазан 2025 жыл. Мәскеу. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Елоховодағы Богоявленский кафедралды соборында болды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын қажылық сапарында Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа) алып жүрді.
Билеуші митрополит ежелгі православиелік қасиеттісі – Құдай Анасының ғажайып Қазан иконасы – алдында дұға оқып, Мәскеу және бүкіл Ресей митрополиті, әулие Алексий қасиетті жәдігерлеріне тағзым етті.
Елохов соборының киелі жәдігерлері алдында архипастор Митрополит округінің епископына, дінбасыларына, монастыр тұрғындарына және діндарларына дұға жасап, Қазақстанның тыныштығы мен гүлденуі үшін тілее тіледі.
Билеуші митрополит шіркеудің Никольский ғимаратында жерленген, мәңгі есте қалатын Әулие Патриарх Сергийді және собордың Благовещенский ғимаратында жатқан мәңгі есте қалатын Қасиетті Патриарх Алексий II-ге дұға бағыштады.
36 жыл бұрын Мәскеудегі Елохово Богоявленский кафедралды соборында билеуші Александрдың епископтық тағайындау рәсімі өтті. Қасиетті Патриарх Пименнің батасымен оны Ростов және Новочеркасск митрополиті Владимир (кейінірек Украин Православие Шіркеуінің Басшысы) басқарды.
Митрополит Александр Мәскеудегі Елохово Богоявленский кафедралды соборының киелі орындарында Қазақстанның амандығы үшін дұға жасады.
Толығырақ
Алматыдағы иитрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталыққа «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының берген сыйлығы
Толығырақ
Оңтүстік астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олардың ерлігі өлмейді» атты фотокөрме ашылды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр