9 қараша 2025 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 22-ші апта, шейіт Нестор Салоникийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйі– Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдігінде Вера, Надежда, Любовь және София шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы шіркеуінің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), Қазақстан митрополиттік округінің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі комиссиясының төрағасы протоиерей Вячеслав Пугачев, Лисаковский шіркеу округінің құрметті өкілі , Лисаковск қаласындағы тақуа Иоанн Кронштадтский шіркеуінің басшысы протоиерей Олег Калмыков, Алматы қаласының Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің клиригі диакон Богдан Бойко, қоналқалық үйдің клириктері.
Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.
Қызметте дұға еткендер: «Софрино» бас директорының м.а. В.А. Левин, Өкілдіктің қызметкерлері және шіркеудің приходтары.
Қасиетті өлеңнен кецінгі уағызды иеромонах Викторин (Асеев) оқыды.
Литургия соңында митрополит Александр қауымға ғибратты сөздерін айтты.
Иерарх сенушілерді қасиетті сумен шашты.
«Жексенбі күн сайын – кіші Пасха – Қасиетті Шіркеу бізге Мәсіхтің Қайта Тірілуі арқылы құтқарылуымыздың құпиясын еске салады. «Мейірімі шексіз Құдай, бізді сүйген Өзінің зор махаббатының арқасында, тіпті күнәларымыз үшін өлген біздің өзімізді Мәсіхпен бірге тірілтті - рақыммен құтқарылдыңыз, - және бізді Онымен бірге қайта тірілтіп, Мәсіх Исаның көктегі орындарына отырғызды» (Еф. 2:4-6), – деген апостол Павелдің сөздерін біз бүгін Құдайлық Литургия кезінде естідік. Құтқарушының Қайта Тірілуі арқылы әрбір сенуші Інжіл ақиқатына және Құдайдың өсиеттеріне сәйкес өмір сүру үшін - көптеген адамдармен қарым-қатынаста мейірімді де жақсы, адал да қайырымды болу, жақын және алыс адамдармен қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісе алу үшін жоғарыдан түсірілген рақымға толы күшке ие болу мүмкіндігін алды. Православие сенімін өз-өзіне, ішкі әлеміне тынымсыз және тұрақты рухани жұмысынсыз мойындау мүмкін емес. Сонымен қатар, біз Құдайдың құтқарушы және қасиетті рақымдылығын өз болмысымызға және жақын адамдарымыздың өміріне шақыру арқылы дана сөздер мен асыл істер арқылы айналамыздағы шындықты өзгертуіміз керек. Иеміз Құдпй бізден мүмкін емес ерліктерді талап етпейді. Інжіл өсиеттерін орындауда тек алғашқы қадамдар ғана қиын. Әуелі дер кезінде тоқтап, дөрекілікке дөрекілікпен, зұлымдыққа зұлымдықпен, әділетсіздікке әділетсіздікпен, үкімге үкіммен жауап бермеу керек. Келесі қадам жақындарымыздың мұң-мұқтажына, уайым-қайғысына, табыстарына жіті көңіл бөлу. Отбасында болсын, жұмыста болсын, жақындарымен және достарымен қарым-қатынаста болсын, дұрыс және адал әрекеттер жүрекке шынайы қуаныш сыйлап, жанға тыныштық сыйлайтынын түсіну маңызды. Құтқарушы әрбір адамға жекелей қайта-қайта былай деп шақырады: «Еңбек еткендер және ауыр жүк тиегендердің бәрі, Маған келіңдер, Мен сендерге сабырлық беремін. Менің қамытымды өздеріңе алыңдар да, Менен үйреніңдер, өйткені мен кішіпейілмін және жүрегім тыныш, сонда жандарың тыныштық табады» (Мф. 11:28-30). Жаратқан Ие бізге жіберген жүктің қаншалықты жақсы және жеңіл екенін сезіну және түсіну үшін біз жақсылық жасауға асығуымыз керек.» Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр