ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
11.11.2025, 13:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы рухани семинариясының жоғары курс студенттерін оқырман етіп тағайындау рәсімін өткізді

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы рухани семинариясының жоғары курс студенттерін оқырман етіп тағайындау рәсімін өткізді

11 қараша 2025 жыл, Римдіе қасиетті шейіт Анастасияны еске алу күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің Матронинский шіркеуінде – Алматы рухани семинариясының үй шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.

Қызмет басталар алдында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы рухани мектептің жоғары курс студенттерін: Глеб Богдановты, Андрей Донскойды, Рустик Гаппасовты және Дмитрий Ядрушкинді оқырман етіп тағайындау рәсімін өткізді.

Тағайындау рәсімінен кейін Митрополиттік округ Басшысы жаңадан тағайындалған студенттерге  құттықтау сөзін айтты.

«Сіздер болашақ тәлімгерлерсіздер және біздің Шіркеудің болашақта қандай болатыны сіздерге байланысты. Әулие Иоанн Златоуст біздің әрқайсымыз білуі керек, ал тәлімгерлер жүректерінде ұстауы керек ұлы, терең және күшті сөздерді қалдырды: «Дін қызметкері Шіркеудің сәні, жан-жағының сенімді тірегі және бейтаныс адамдар үшін еңсерілмейтін кедергі болуы керек». Лайықты пастор болу үшін теологиялық терминологияны меңгеру немесе шіркеу тарихындағы оқиғалардың тізімін жаттау жеткіліксіз.

Шіркеу теологиялық мектептерде «бірінші орындағы аудитория» деп аталады. Қасиетті дәрежені алғысы келетіндер дұға етіп, Құдайдың алдында тұруды және Тәубеге келу мен Бірлік қасиетті рәсімдерге қатысуды өмірлерінің ажырамас бөлігі ретінде  қабылдауы керек. «Дінтанушы – көп дұға қылатын адам» деген қасиетті әкелер.

Дін қызметкері үшін игерілген теория аздық етеді және бұл жерде теолог Григорий әулиенің «Басқаларды оқытпас бұрын өзің үйрен, өзгені нұрландырмас бұрын өзіңді нұрландыр, өзгенің дертін емдегенше өзің сау болуың керек» деп ескерткен сөзін еске түсіруге болады».

Оқырман – православие дінбасыларының бірінші дәрежесі, діни қызметкерлердің ең төменгі дәрежесі. Оқырманды епископ тағайындау  арқылы  белгілейді -  бұл епископтың батасын алып, қол қою арқылы орындалатын қасиетті рәсім. Шіркеуде оқу әрқашан Құдай шіркеуінің құдайлық қызметтерінің ажырамас бөлігі болды. Жаңа Өсиетте шіркеуде оқуды Иеміз Иса Мәсіхтің Өзі киелі еткен, «Ол... Демалыс күні қауымға кіріп, құрметпен тұрды» (Лк.4:16). Христиан Шіркеуінің алғашқы ғасырларында барлық сенушілер ғибадатханада оқуға рұқсат етілді. Кейіннен бұл қызмет әсіресе оқуға дағдыланған оқырмандарға арналған. Оқырман атағы Ежелгі Шіркеуде жоғары құрметке ие болды, ерекше еңбегі үшін сыйақы және Христиандық сенімнің берік мойындауы ретінде берілді. Ежелгі уақытта көптеген көрнекті қайраткерлер мен Шіркеу әкелері өз қызметін оқырман ретінде бастады, соның ішінде Ұлы Василий әулиелер, Григорий Нисский, Иоанн Златоуст бар.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді