ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
11.11.2025, 13:05

Құрметті шейіт Римдік Анастасияны еске алу күні. Митрополит Александр Алматыдағы Матронинский шіркеуінде Литургияны өткізді

Құрметті шейіт Римдік Анастасияны еске алу күні. Митрополит Александр Алматыдағы Матронинский шіркеуінде Литургияны өткізді

11 шараша 2025 жыл – Құрметті шейіт Римдік Анастасияны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйнлдер монастырінің Матронинский шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов; тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, иерей  Иоанн Ливинский;  Библия және теология бөлімінің меңгерушісі иерей Олег Лисин; Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Роман Караман және диакон Илья Воробьев.

Қызмет кезінде дұға еткендер: Алматыдағы Иверско-Серафимовсктй әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастырь әпкелерімен; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, оқытушылар құрамы және семинария студенттері.

Әндерді О.Усолцева жетекшілік ететін Иверско-Серафимовский монастырінің Әулие София соборының хоры және О.Кузнецова жетекшілігімен Алматы семинариясының аралас хоры орындады.

Сағаттарды оқу барысында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы АПРС жоғары курс студенттеріне: Глеб Богдановқа, Андрей Донскойға, Рустик Гаппасовке және Дмитрий Ядрушкинге оқырман ретінде тонсура рәсімі жасалды иерей Иоанн Ливинский қасиетті өлеңнен кейін уағызын айтты.

Литургия аяқталғаннан кейін митрополит Александр Алматыдағы Космо-Дамиановский шіркеуінің ректоры, жақында қайтқан протоиерей Георгий Чистяковты, және өзінің анасы - римдік қасиетті шейіттің құрметіне қасиетті Шомылдыру рәсімінде есімін алған Құдайдың мәңгі ұмытылмас қызметшісі Анастасияны еске алу рәсімін жасады.

Митрополиттік округтің Басшысы қауымға архипасторлық уағызын айтып, ол Римдік әулие Анастасияның өмірі мен азаптары туралы айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді